Қолданушы нұсқаулығы
13
D Мониторды пайдалану
Мониторды ақырын айналдырып, кедергіні сезгенде тоқтаңыз. Күшті
пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау фотокамераны
немесе мониторды зақымдауы мүмкін. Фотокамера штативке бекітілген
болса, монитор штативке тимеуі үшін сақ болу керек.
Фотокамераны монитордан ұстап көтермеңіз немесе алып жүрмеңіз.
Бұл сақтық шарасы қолданылмаса, фотокамера зақымдалуы мүмкін.
Монитор фотосуреттер түсіру үшін пайдаланылып жатпаса, оны сақтау
кү
йіне қайтарыңыз.
Тұт
қа жəне монитор айналасындағы
фотокамера аумақтары қызуы мүмкін. Бұл
ақауды білдірмейді.
Монитордың ішкі бетіне сұйықтықтың тиюіне
жол бермеңіз. Осы сақтық шарасын
қолданбау өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
A Ақпараттық дисплейді автоматты түрде өшіру
Күту режимінің таймері белсенді кезде көзіңізді көріністапқышқа
жақындатсаңыз, көз сенсоры ақпараттық дисплейді автоматты түрде
өшіреді. Дисплей көзіңізді көріністапқыштан алғанда қайта қосылады.
Қажет болса, баптау мəзіріндегі Info display auto off (Ақпараттық
дисплейді автоматты түрде өшіру) параметрін (0 269) пайдаланып
ақпараттық дисплейдің өшуін болдырмауға болады. Дегенмен,
таңдалған параметрге қарамастан, күту режимі таймерінің мерзімі
біт
кенде а
қпараттық дисплей өшетінін ескеріңіз.
Бұл аумақ əсіресе
қатты қызады.










