Қолданушы нұсқаулығы

15
❚❚ Сенсорлы экранды пайдалану
Қарау кезінде (0 228) сенсорлы экранды мыналар үшін
пайдалануға болады:
Басқа кескіндерді көру
Ұлғайту немесе кішірейту
Сурет нобайларын көру
Бейнефильмдерді көру
Тікелей көрініс кезінде сенсорлы экранды суреттер түсіру
(сенсорлы қосылатын ысырма; 0 16) немесе нүктелі ақ түс
балансы үшін мəнді өлшеу үшін (0 143) пайдалануға болады.
Сондай-ақ, сенсорлы экранды теру (0 270) немесе мəзірлерді
шар
лау (0 45)
үшін пайдалануға болады.
D Сенсорлы экран
Сенсорлы экран статикалық токқа реакция көрсетеді жəне үшінші тарап
қорғағыш пленкалармен жапқанда, я болмаса, тырнақтармен немесе
қолғаптағы қолдармен тигенде жауап бермеуі мүмкін. Артық күш
қолданбаңыз немесе экранға үшкір заттармен тимеңіз.
D Сенсорлы экранды пайдалану
Екінші орында алақаныңызды немесе басқа саусақты қалдырып
пайдалануға əрекеттенсеңіз, сенсорлы экран күтілгендей жауап
бермеуі мүмкін. Түртуіңіз тым жұмсақ болса, саусақтарыңыз тым тез
немесе тым қысқа қашықтыққа қозғалса, экранға тиіп тұрмаса, я
болмаса, шымшу немесе созу кезіндегі екі саусақтың қозғалысы дұрыс
үйлестірілмесе, ол басқа қимылдарды танымауы мүмкін.
A Сенсорлы басқару тетіктерін қосу немесе өшіру
Сенсорлы басқару тетіктерін баптау мəзіріндегі Touch controls
(Сенсорлы басқару тетіктері) параметрін пайдаланып қосуға немесе
өшіруге болады (0 271).
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Толық өлшемде қарау кезінде басқа кескіндерді көру үшін саусақпен
шертетін бағытты таңдау туралы ақпаратты B > Touch controls
(Сенсорлы басқару тетіктері) (0 271) бөлімінде қараңыз.