Қолданушы нұсқаулығы
17
D Сенсорлы сурет түсіру параметрлерін пайдаланып суреттер
түсіру
Тіпті сенсорлы суретке түсіру параметрлері белсенді екенін көрсететін
8 белгішесі көрсетілсе де, фокустау жəне суреттер түсіру үшін
ысырманы босату түймешігін пайдалануға болады. Ысырманы босату
түймешігін үздіксіз суретке түсіру режимінде (0 86) жəне бейнефильм
жазу кезінде фотосуреттер түсіру үшін пайдаланыңыз. Сенсорлы
суретке түсіру параметрлерін үздіксіз суретке түсіру режимінде
суреттерді бір-бірден түсіру үшін ғана пайдалануға болады жəне
бейнефильм жазу кезінде фотосуреттер түсіру үшін пайдал
ану мүмкі
н
емес.
Фокустау ауыстырғышының құлпы L (құлып) күйінде (0 107) болғанда
сенсорлы экранды фокустау нүктесін орналастыру үшін пайдалану
мүмкін емес, бірақ оны АФ аумағының режимі ретінде бет басымдығы
бар АФ таңдалғанда нысанды таңдау үшін əлі де пайдалануға болады
(0 103).
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде (0 89) мониторды
түрткенде фокус таңдалған ны
санда құлыпталады жəне та
ймер
саусақты экраннан көтергенде басталады. Əдепкі параметрлерде
ысырма таймер басталғаннан шамамен 10 секундтан кейін
босатылады; кешігуді жəне түсірілімдер санын c3 (Self-timer (Өздігінен
түсіруді реттейтін таймер), 0 263) қолданушы параметрін
пайдаланып өзгертуге болады. Number of shots (Түсірілімдер саны)
үшін таңдалған параметр 1-ден үлкенірек болса, фотокамера
таңдалған түсірілімдер саны жазылғанша суреттерді бірінен кейін бірін
а
втома
тты түрде түсіреді.










