Қолданушы нұсқаулығы

22
D Жад карталары
Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад
карталарын фотокамерадан алған кезде абай болыңыз.
Жад карталарын салу немесе алудан бұрын қуатты өшіріңіз. Пішімдеу
барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге
көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз,
фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзінен суырмаңыз немесе
ажыратпаңыз. Осы сақтық шаралары қолданылмаса, дерект
ер
жоға
луы, я болмаса фотокамера немесе жад картасы зақымдалуы
мүмкін.
Жад картасының түйіспелеріне саусақтармен немесе металл
заттармен тимеңіз.
Имеңіз, түсіріп алмаңыз немесе қатты соққылар алуына жол бермеңіз.
Жад картасының корпусына күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасы
қолданылмаса, жад картасы зақымдалуы мүмкін.
Судың, ыстықтың, жоғары ылғалдылықтың немесе күннің тік
сəулелерінің əсер ет
уіне жол бермеңіз.
Жад к
арталарын компьютерде пішімдемеңіз.
A Жад картасы жоқ
Егер ешбір жад картасы салынбаған
болса, басқару панелінде жəне
көріністапқышта S көрсетіледі. Егер
зарядталған батарея бар жəне ешбір жад
картасы салынбаған фотокамера
өшірілсе, басқару панелінде S
көрсетіледі.
A Жазудан қорғау ажыратқышы
SD жад карталары деректердің
кездейсоқ жоғалуына жол бермеу
үшін жазудан қорғау
ажыратқышымен жабдықталған.
Бұл қосқыш «құлыптау» күйінде
болса, жад картасын пішімдеу
мүмкін емес жəне фотосуреттерді
өшіру немесе жазу мүмкін емес (ысырманы босатуға тырыссаңыз,
мониторда ескерту көрсетіледі). Жад картасының құлпын ашу үшін
ажыратқышты «жазу» күйіне сырғытыңыз.
Жазудан қорғау ажыратқышы
16
GB