Қолданушы нұсқаулығы

28
SnapBridge қолданбасын
пайдаланып қосылу
SnapBridge қолданбасын фотокамераны смарт құрылғыдан
қашықтан басқару жəне фотокамерадан суреттерді жүктеу үшін
пайдаланыңыз. Бұл бөлімде фотокамера мен смарт құрылғы
арасында сымсыз байланыстар орнату үшін SnapBridge
қолданбасын пайдалану əдісі сипатталған. Төмендегі нұсқаулар
SnapBridge қолданбасының 2.0 нұсқасына қатысты; соңғы нұсқа
туралы ақпаратты келесі веб-сайттан жүктеп алуға қолжетімді
SnapBridge байланыс нұсқаулығы (pdf) құжатында қараңыз:
http://downloadcenter.nikonimglib.com
A Интерфейс
SnapBridge қолданбасының мəзірі (q) жəне үш қойындысы (wr) бар.
q
Параметрлерді реттеу, я болмаса
қолданбаның анықтамасын немесе
Nikon компаниясының
хабарландыруларын көру.
w
Негізінен фотокамераға қосылуға
арналған параметрлерді реттеу.
e
Фотокамерадан жүктеп алынған
суреттерді көру, я болмаса
кескіндерді жою немесе бөлісу.
r
Арнайы қолданба арқылы NIKON
IMAGE SPACE қоймасына
қатынасу (қолданбаны орнату жəне
Nikon ID керек).
A SnapBridge туралы көбірек
Егжей-тегжейлі ақпаратты онлайн анықтамада қараңыз (жұптастыру
аяқталғаннан кейін SnapBridge қолданбасының мəзірінде Help
(Анықтама) тармағын таңдау арқылы онлайн анықтаманы көруге
болады).
https://nikonimglib.com/snbr/onlinehelp/en/index.html