Қолданушы нұсқаулығы
31
Қосылу алдында SnapBridge қолданбасын орнату əрі Bluetooth
жəне Wi-Fi функцияларын қосу арқылы смарт құрылғыны
дайындау керек.
1 Apple App Store® (iOS) немесе Google Play™
(Android™) дүкенінде «snapbridge» деп іздеп,
SnapBridge қолданбасын орнатыңыз.
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер туралы ақпарат
жүктеп алу сайтында қолжетімді. Бұл фотокамера
SnapBridge 360/170 қолданбасымен үйлесімді емес.
2 Смарт құрылғыда Bluetooth жəне Wi-Fi функцияларын
қосыңыз. Фотокамерамен іс жүзіндегі байланыс
SnapBridge қолданбасын пайдаланып орнатылатынын
ескеріңіз; құрылғыңыздағы «Параметрлер»
қолданбасын пайдаланып қосылуға əрекеттенбеңіз.
Смарт құрылғыны дайындау










