Қолданушы нұсқаулығы
iv
Осында тізілген барлық заттар фотокамерамен бірге қоса
берілгеніне көз жеткізіңіз.
Объектив жинағы опциясын сатып алушылар орауышта объектив
те бар екеніне көз жеткізулері керек. Жад карталары бөлек
сатылады. Жапонияда сатып алынған фотокамералардың
мəзірлері мен хабарлары ағылшын жəне жапон тілдерінде ғана
көрсетіледі; басқа тілдерге қолдау көрсетілмейді. Бұл тудыруы
мүмкін кез келген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Орама құрамы
DK-28 резеңке көзүсті
қалқаны (0 90;
фотокамераға жалғанған
күйде келеді)
BF-1B корпус қақпағы
(0 24, 287)
D7500 фотокамерасы (0 1)
Түйіспе тұс қақпағы бар EN-EL15a қайта зарядталмалы литий-
ионды батареясы (0 19, 21)
MH-25a зарядтау құрылғысы (сату еліне немесе аймағына
байланысты түрі жəне пішіні өзгеріп отыратын айнымалы ток
адаптерімен немесе қуат кабелімен бірге келеді; 0 19)
DK-5 окуляр қақпағы (0 90)
AN-DC3 BK бауы (0 19
)
UC-E20 USB кабелі
Кепілді
к (осы нұсқаулық
мұқабасының артқы жағында
басылған)
Қолданушы нұсқаулығы
(осы нұсқаулық)
A ViewNX-i жəне Capture NX-D компьютерлік бағдарламалық
жасақтамалары
ViewNX-i бағдарламалық жасақтамасын фотосуреттерді дəл реттеу немесе
суреттерді көру мақсатында компьютерге көшіру үшін пайдаланыңыз, я
болмаса Capture NX-D бағдарламалық жасақтамасын компьютерге
көшірілген суреттерді дəл реттеу жəне NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді
басқа пішімдерге түрлендіру үшін пайдаланыңыз. Бұл қолданбалар мына
бетте жүктеуге қолжетімді:
http://downloadcenter.nikonimglib.com/
Сондай-ақ, Nikon бағдарламалық жасақтамасы, соның ішінде жүйелік
талаптар туралы соңғы ақпарат алу үшін осы веб-сайтқа кіруге болады.










