Қолданушы нұсқаулығы
34
6 Смарт құрылғы: «Pair with camera
(Фотокамерамен жұптастыру)»
диалогтық терезесінде
фотокамера атауын түртіңіз.
Фотокамераны iOS құрылғысымен
бірінші рет жұптастырып жатқан
пайдаланушыларға жұптастыру
туралы нұсқаулар көрсетіледі,
дисплейдің төменгі жағына
айналдырып, Understood (Түсіндім)
жауабын түртіңіз. Содан кейін сізден
керек-жарақты таңдау сұралса, фотокамера атауын
қайтадан түртіңіз (фотокамераның атауы көрсетілуі алдында
біраз кешігу болуы мүмкін).
7 Фотокамера/смарт құрылғы: фотокамера жəне смарт
құрылғы бірдей алты цифрлық санды көрсетіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
iOS жүйесінің кейбір нұсқалары санды көрсетпеуі мүмкін;
егер сан көрсетілмесе, 8-қадамға өтіңіз.










