Қолданушы нұсқаулығы
51
4 Фотосуретті жақтауға алыңыз.
Көріністапқыш арқылы фотосурет
түсіру: негізгі нысанды АФ
аумағының жақтауларына келтіріп,
көріністапқышта фотосуретті
жақтауға алыңыз.
Тікелей көрініс: əдепкі
параметрлерде фотокамера беттерді
автоматты түрде анықтайды жəне
фокустау нүктесін таңдайды. Бет
анықталмаса, мульти селекторды
пайдаланып фокустау нүктесін негізгі
нысанға орналастырыңыз.
A Масштабтау объективін пайдалану
Нысанның кадрдағы үлкендеу аумақты
толтыруы үшін нысанды ұлғайту немесе
соңғы фотосуреттегі көрінетін аумақты
көбейту мақсатында кішірейту үшін
масштабтау сақинасын пайдаланыңыз
(ұлғайту үшін объективтің фокустық
қашықтық шкаласындағы үлкендеу фокустық
қашықтықты, кішірейту үшін кішілеу
фокустық қашықтықты таңдаңыз).
АФ аумағының
жақтаулары
Фокустау нүктесі
Ұлғайту Кішірейту
Масштабтау сақинасы










