Қолданушы нұсқаулығы
55
A Кірістірілген жарқыл
i режимінде дұрыс экспозиция үшін
қосымша жарық қажет болса, ысырманы
босату түймешігі жартылай басылған кезде
кірістірілген жарқыл автоматты түрде
шығады. Жарқыл көтерілсе, фотосуреттерді
жарқылдың дайындығын білдіретін
индикатор (M) көрсетілген кезде ғана түсіруге
болады. Жарқылдың дайындығын білдіретін
индикатор көрсетілмесе, жарқыл зарядталуда; ысырманы босату
түймешігінен саусағыңызды аз ғана уақытқа алып, əрекетті қайталаңыз.
Көріністапқыш Тікелей көрініс
Жарқыл пайдаланылмаған кезде қуатты
үнемдеу үшін оны ілмегі шырт етіп орнына
түскенше төмен қарай ақырын басыңыз.










