Қолданушы нұсқаулығы

58
D Тікелей көріністе суретке түсіру
Көріністапқыш арқылы кіретін жарық фотосуреттерге жəне
экспозицияға кедергі келтірмеуі үшін суретке түсірмес бұрын резеңке
көзүсті қалқанын алып, көріністапқышты жинақтағы окуляр қақпағымен
жабуға болады (0 90).
Түпкілікті суретте көрсетілмесе де, мониторда кертілген шеттер, түсті
жиек, муар əсері жəне жарық нүктелер пайда болуы мүмкін,
жыпылықтаған белгілер жəне басқа жылтылдайтын жарық көздері ба
р
кейбір аумақтарда я болмаса нысанды им
пульстық немесе басқа
жарық, бір сəттік жарық көзі жарықтандырса, ашық түсті аумақтар
немесе жолақтар пайда болуы мүмкін. Бұған қоса, қозғалатын
нысандар бар болса, əсіресе, фотокамера көлденеңінен
панорамаланса немесе нысан кадр арқылы жоғары жылдамдықпен
көлденеңінен қозғалса, бұрмалану орын алуы мүмкін. Флюоресцентті,
сынапты немесе натрийлі шамдар аст
ында мониторда
көрінетін
жыпылықтау жəне жолақтарды бейнефильм түсіру мəзіріндегі Flicker
reduction (Жыпылықтауды азайту) (0 259) параметрін пайдаланып
азайтуға болады, бірақ кейбір ысырма жылдамдықтарында олар
түпкілікті фотосуретте көріне беруі мүмкін. Тікелей көріністе суретке
түсіргенде фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне
бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау нəтижесінде
фотокамераның ішкі схемалары зақымдалуы мүмкін.
Тікелей көр
іністі ұзақ уақыт бойы пайдалану
тұ
тқаның жəне фотокамераның монитор
айналасындағы аумақтарының қызуына
əкелуі мүмкін. Бұл ақауды білдірмейді.
Бұл аумақ əсіресе
қатты қызады.