Қолданушы нұсқаулығы

73
P: Бағдарламаланған автоматты режим
Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығын жəне
аператураны жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы
экспозицияны қамтамасыз ету үшін кірістірілген бағдарламаға
сəйкес автоматты түрде реттеп отырады.
A Икемді бағдарлама
P режимінде экспозиция өлшегіштері
қосылып тұрғанда, ысырма жылдамдығы
мен апертураның түрлі тіркесімдерін басты
басқару дискін бұрау арқылы таңдауға
боладыикемді бағдарлама»). Артқы
фондағы кішігірім элементтерді
бұлдырататын үлкен апертуралар (төмен f
сандары) немесе қозғалысты «қатырып
тастайтын» жоғары ысырма
жылдамдықтары үшін дискіні оңға қарай
бұраңыз. Анық түсірілетін кеңістік тереңдігін
арттыратын кішкентай апертуралар
(жоғ
ары f сандары) немесе қозғалыст
ы
бұлдырататын ысырманың баяу
жылдамдықтары үшін дискіні солға
бұраңыз. Барлық тіркесімдер бірдей
экспозицияны береді. Икемді бағдарлама
қосылып тұрғанда икемді бағдарлама
индикаторы (O немесе E) көрсетіледі.
Əдепкі ысырма жылдамдығы мен апертура
параметрлерін қалпына келтіру үшін басты
басқару дискін индикатор көрінбей
қалғанша бұраңыз, басқа режимді таңдаңыз
немесе фотокамераны өшіріңіз.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Экспозиция өлшегіштерін белсендіру туралы ақпаратты «Күту
режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)» (0 54)
бөлімінде қараңыз.
Басты басқару дискі
Көріністапқыш
Монитор