Қолданушы нұсқаулығы

81
Техникалық ескертпелер
D
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де
деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін
мәліметін толық өшірмейтінін ескеріңіз. Өшірілген файлдарды
кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен
лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады,
бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға әкелуі мүмкін.
Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету
қолданушының өз жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау құрылғысын лақтырудан немесе меншік
құқығын басқа адамға аударудан бұрын, еркін сатылыдағы
бағдарлама көмегімен барлық деректерді өшіріңіз немесе
құрылғыны пішімдеңіз және содан кейін ешқандай жеке мәліметті
қамтымайтын суреттермен (мысалы, ашық аспан суреттері)
толтырыңыз. Деректерді сақтау құрылғыларын физикалық
тұрғыдан жойған кезде жарақат алып қалмау үшін сақ болу
қажет.
Фотокамераны қоқысқа лақтыру немесе иелікті басқа адамға
тапсыру алдында, желі параметрлерін және басқа жеке
ақпаратты жою үшін фотокамераның баптау мәзіріндегі [Reset all
settings] (Барлық параметрлерді ысыру) элементін пайдалану
керек.