Қолданушы нұсқаулығы

85
Техникалық ескертпелер
Nikon EN-EL15b қайта зарядталатын батареяларын
барынша пайдалану үшін:
Батарея түйіспелерін таза ұстаңыз. Ластанған
түйіспелер батарея жұмысын нашарлатуы мүмкін.
Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден
пайдаланыңыз. Батареялар пайдаланылмаса зарядын
жоғалтады.
1 Сондай-ақ EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын пайдалануға
болады. Дегенмен, EN-EL15b/EN-EL15a батареясымен
салыстырғанда, EN-EL15 батареясымен бір зарядта кейде
азырақ суреттер түсіруге болатынын ескеріңіз.
2 Объектив шексіздіктен минималды ауқымға өтті және әдепкі
параметрлерде 30 с сайын бір фотосурет түсірілді. Тікелей
көрініс пайдаланылмады. 23 °C-та (±2 °C) AF-S NIKKOR
24–120 мм f/4G ED VR объективімен өлшенген. Сандар 32 ГБ
SanDisk SD UHS-II жад картасы үшін берілген (SDSDXPK-
032G-JNJIP – 32GB, 2019 жылдың қыркүйек айында
өлшенген).
3 Кескін сапасы JPEG қалыпты деп, кескін өлшемі үлкен деп
орнатылған, ысырма жылдамдығы
1
/
250
с, ысырманы босату
түймешігі 3 с бойы жартылай басылғаннан кейін фокус
шексіздіктен минималды ауқымға үш рет өтті; содан кейін
қатарынан алты сурет түсірілді және монитор 5 с қосылды,
содан кейін өшірілді; күту режимінің таймері аяқталғанша
әрекеттер орындалмады. Содан кейін бұл цикл қайталанды.
23 °C-та (±2 °C) AF-S NIKKOR 70–200 мм f/2.8E FL ED VR
объективімен (ДА өшірулі) өлшенген. Сандар 32 ГБ SanDisk
SD UHS-II жад картасы үшін берілген (SDSDXPK-032G-JNJIP
– 32GB, 2019 жылдың қыркүйек айында өлшенген).