Қолданушы нұсқаулығы

xxii
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен
сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға
иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған
нәрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның,
тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың
немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін
немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Шет елдің айналымында жүрген қағаз ақшаны, тиындарды
немесе құнды қағаздарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған пошта маркаларын
немесе ашық хаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Үкімет шығарған маркаларды және заңда қарастырылған
куәландырылған құжаттарды көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты
сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің
шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайларда, үкімет
жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың
(акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар және
т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің
көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ
болу керектігі туралы ескертулерді таратты. Бұған қоса, үкімет
тарапынан шығарылған паспорттардың, мемлекеттік органдар
және жеке топтар шығарған лицензиялардың, жеке бас
куәліктерінің және рұқсатнамалар және тамақ купондары
сияқты билеттердің көшірмелерін немесе көбейтілген
нұсқаларын жасамаңыз.
Авторлық құқыққа қатысты ескертулерді ескеріңіз
Авторлық құқықтар туралы заң бойынша фотокамерамен
жасалған авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің
фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің
рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Ерекшеліктер жеке
пайдалануға қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты
уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары
жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін
ескеріңіз.