Қолданушы нұсқаулығы

xxiii
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана
қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай
жобаланған және күрделі электрондық тізбекті қамтиды. Nikon
компаниясы арнайы осы Nikon сандық фотокамерасымен бірге
пайдалануға сертификаттаған Nikon брендті электрондық керек-
жарақтар (соның ішінде зарядтау құрылғылары, батареялар,
айнымалы ток адаптерлері және жарқыл керек-жарақтары) ғана
осы электрондық тізбектің жұмыс және қауіпсіздік талаптарының
шеңберінде жұмыс істейтіндей жобаланған және сондай екендігі
дәлелденген.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-
жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы
және Nikon кепілдігін жоюы мүмкін. Оң жақта
көрсетілген Nikon компаниясының голографиялық
жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталмалы литий-
ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс
істеуіне кедергі келтіруі және батареяның шамадан тыс қызуына,
жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына әкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша
мәлімет алу үшін Nikon компаниясының жергілікті өкілетті
сатушысына хабарласыңыз.
D
Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда
немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді
түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз
жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon
компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе
жоғалған табысқа жауап бермейді.
D
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге
бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі
жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде келесі
сайттардан алуға болады:
АҚШ-тағы қолданушылар үшін: https://www.nikonusa.com/
Еуропа және Африкадағы қолданушылар үшін:
https://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания және Таяу Шығыстағы қолданушылар үшін:
https://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мәліметті, кеңестерді, жиі қойылатын
сұрақтарға (ЖҚС) берілген жауаптарды және сандық кескіндерге
және фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін
мына сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon
өкілінен алуға болады. Байланыс ақпаратын алу үшін келесі URL
мекенжайын қараңыз: https://imaging.nikon.com/