Қолданушы нұсқаулығы

26
Алғашқы қадамдар
D
Жад карталары
Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін.
Жад карталарын фотокамерадан алу кезінде сақ болыңыз.
Пішімдеу кезінде немесе деректер жазылып, жойылып немесе
компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіріліп жатқанда келесі
әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын орындамау
деректерді жоғалтуға я болмаса фотокамераның немесе жад
картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Жад карталарын алмаңыз немесе салмаңыз
- Фотокамераны өшірмеңіз
- Батареяны алмаңыз
- Айнымалы ток адаптерлерін ажыратпаңыз
Жад картасының түйіспелеріне саусақпен немесе металл
заттармен тимеңіз.
Жад карталарымен жұмыс істегенде артық күш қолданбаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау жад картасының
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Жад карталарын майыстырмаңыз немесе түсіріп алмаңыз, я
болмаса оларға қатты соққылардың әсерін тигізбеңіз.
Жад карталарын судың, жылудың немесе күннің тік
сәулелерінің әсеріне ұшыратпаңыз.
Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.
D
Жад картасы салынбаған
Жад картасы салынбаған болса, басқару панелінде
экспозициялар саны көрсетіледі және көріністапқышта
S
көрсетіледі. Фотокамера батарея бар және жад картасы
салынбаған күйде өшірілсе, басқару панелінде
S
көрсетіледі.