NIKKOR Z DX 16-50mm f/3.5-6.
Бұл өнімді пайдалану алдында осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Сондай-ақ фотокамера нұсқаулығын қарауыңыз керек болады. • Бұл объектив тек Nikon Z бекіткіші бар айнасыз фотокамераларда пайдалануға арналған. • Бұл объективті Z 7 немесе Z 6 фотокамерасында пайдалану алдында фотокамераның бағдарлама жасақтамасын соңғы нұсқасына жаңартыңыз, әйтпесе фотокамера объективті дұрыс танымауы мүмкін және дірілді азайту сияқты мүмкіндіктер қолжетімсіз болуы мүмкін.
A ЕСКЕРТУ • Өнімнен түтін, жылу немесе әдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген дұрыс емес нәрселерді байқасаңыз, фотокамераның қуат көзін дереу ажыратыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін. • Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. • Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ • Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз. • Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Объективті пайдалану Объективтің бөліктері: атаулар және функциялар Объектив бөліктерінің атауларын және функцияларын төменде қараңыз.
q Бленда* w Масштабтау сақинасы Блендалар басқа жағдайда жарқырауды немесе кескіннің C қосарлануын тудыратын бөлімін шашыраңқы жарықты ұстап қараңыз қалады. Сондай-ақ олар (09) объективті қорғайды. Ұлғайту немесе кішірейту үшін айналдырыңыз. Пайдаланудан бұрын объективті ұзартыңыз. B бөлімін қараңыз (08) Фокустық Объективті ұлғайту немесе кішірейту кезінде жуықталған фокустық қашықтықты Фокустық қашықтық таңбасы анықтаңыз.
Микропроцессор u түйіспесі Деректерді фотокамераға және одан тасымалдау үшін пайдаланылады. Объективтің i алдыңғы қақпағы Объективтің o артқы қақпағы — — — — — * Бөлек сатылады. A Жалғау және алу Объективті жалғау z Фотокамераны өшіріңіз, корпус қақпағын алыңыз және объективтің артқы қақпағын ажыратыңыз.
B Пайдалану алдында Объектив ішке қарай жиналады және пайдаланудан бұрын ұзартылуы керек. Объектив ұзартылған күйіне шырт етіп түскенше масштабтау сақинасын айналдырыңыз. Суреттерді фокустық қашықтық таңбасы фокустық қашықтық шкаласында 16 және 50 арасындағы күйлерге нұсқап тұрғанда ғана түсіруге болады. Суреттерді мына фокустық қашықтықтарда түсіруге болады Объективті ішке қарай жинау үшін масштабтау сақинасын қарама-қарсы бағытта айналдырып, фокустық қашықтық шкаласында (●) күйіне жеткенде тоқтаңыз.
C Қосымша блендаларды жалғау және алу Блендалар (бөлек сатылады) объектив алдындағы ирек оймаларға тікелей бұралады. Объективтің шыны бетіне тимеңіз немесе артық күшті пайдаланбаңыз. Бленданы алу үшін объективтен бұрап алыңыз.
Кірістірілген жарқылы бар фотокамераларда объективті пайдалану Кірістірілген жарқылдан шыққан жарықты объектив немесе бленда жауып тұрған жерде көлеңкелер көрінеді. Суретке түсіру алдында бленданы алыңыз. Дегенмен, тіпті бленда алынса да, кейбір фокустық қашықтықтарда және нысанға дейінгі қашықтықтарда көлеңкелер бәрібір көрінуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Бленда жалғанған кезде • Фотокамераны өшірсеңіз, содан кейін фокустаудан кейін қайтадан қоссаңыз, фокустау күйі өзгеруі мүмкін. Нысанның пайда болуын күтіп жатқанда алдын-ала таңдалған орынды фокустасаңыз, сурет түсірілгенше фотокамераны өшірмеу ұсынылады.
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары • Тек бленда арқылы объективті немесе фотокамераны алмаңыз немесе ұстамаңыз. • Микропроцессор түйіспелерін таза күйде ұстаңыз. • Объектив пайдаланылмаған кезде алдыңғы және артқы объектив қақпақтарын қайта орнатыңыз. • Объективтің ішін қорғау үшін тік күн жарығынан тыс сақтаңыз. • Бленданы ылғалды жерлерде немесе ылғал әсер етуі мүмкін жерлерде қалдырмаңыз. Ішкі механизмді тот басуы жөндеу мүмкін емес зақымға әкелуі мүмкін.
Объективке күтім жасау • Әдетте объективтің шыны беттерін тазалау үшін шаңды кетіру жеткілікті. • Дақтарды, саусақ іздерін және басқа майлы дақтарды этанолдың немесе объективті тазалау затының азғантай мөлшерімен ылғалдандырылған жұмсақ, таза мақта шүберекті немесе объективті тазалау майлығын пайдаланып объектив бетінен кетіруге болады. Ортасынан сыртқа қарай, айналма қозғалысты пайдаланып тазалаңыз. Жарқыраған іздер қалдырмауға немесе саусақтармен объективке тимеуге тырысыңыз.
Керек-жарақтар Жинақтағы керек-жарақтар • LC-46B 46 мм бекітілетін объективтің алдыңғы қақпағы • LF‑N1 объективтің артқы қақпағы Үйлесімді керек-жарақтар • CL-C4 объектив қабы • HN-40 бұралатын блендасы • 46 мм бұралатын сүзгілер D Сүзгілер • Бір уақытта тек бір сүзгіні пайдаланыңыз. • Сүзгілерді жалғау алдында бленданы алыңыз.
Техникалық сипаттамалары Бекіту Фокустық қашықтық Максималды апертура Объектив құрылымы Көрініс бұрышы Фокустық қашықтық шкаласы Фокустау жүйесі Nikon Z бекіткіші 16 – 50 мм f/3.5 – 6.
Салмағы Шамамен 135 г Nikon осы өнімнің сыртқы түрін, техникалық сипаттамаларын және өнімділігін кез келген уақытта және алдын-ала ескертусіз өзгерту құқығын сақтайды.