Қолданушы нұсқаулығы

10
Кірістірілген жарқылы бар фотокамераларда Кірістірілген жарқылы бар фотокамераларда
объективті пайдалануобъективті пайдалану
Кірістірілген жарқылдан шыққан жарықты объектив немесе
бленда жауып тұрған жерде көлеңкелер көрінеді. Суретке
түсіру алдында бленданы алыңыз. Дегенмен, тіпті бленда
алынса да, кейбір фокустық қашықтықтарда және нысанға
дейінгі қашықтықтарда көлеңкелер бәрібір көрінуі мүмкін
екенін ескеріңіз.
Дірілді азайту (ДА)Дірілді азайту (ДА)
Объективтегі дірілді азайту функциясын фотокамераның
басқару элементтерін пайдаланып қосуға немесе өшіруге
болады; мәліметтерді фотокамера нұсқаулығында қараңыз.
Фотокамерадағы дірілді азайту параметрі үшін [Normal] (Қалыпты)
мәні таңдалған болса, дірілді азайту басқа жағдайдағымен
салыстырғанда 4,5 тоқтауға дейін
*
баяуырақ жылдамдықтарға
мүмкіндік береді.
* CIPA стандарттарына сай өлшенген. FX пішімін қолдайтын
объективтердің мәндері FX пішімді айнасыз фотокамераларда,
DX объективтерінің мәндері DX пішімді айнасыз
фотокамераларда өлшенген. Масштабтау объективтерінің
мәндері максималды масштабта өлшенген.
D
Дірілді азайту
Дірілді азайту жүйесінің дизайнына байланысты сілкігенде
объектив тықылдауы мүмкін. Бұл ақаулықты көрсетпейді.
Штативтің дірілі тудыратын бұлдырауды азайту үшін
фотокамера штативке бекітілген кезде фотокамерадағы
дірілді азайту параметрі үшін [Normal] (Қалыпты) немесе
[Sport] (Спорт) мәнін таңдаңыз. Дегенмен, штативтің түріне
және суретке түсіру жағдайларына байланысты, [O󰀨]
(Өшірулі) таңдаулы параметр болатын жағдайлар болуы
мүмкін.
[Normal] (Қалыпты) немесе [Sport] (Спорт) параметрлері
фотокамера моноподқа бекітілген кезде ұсынылады.