Nikon 1 J5 САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы (кепілдік бар) Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды.
Мазмұны Сенсорлы басқару элементтері............................................ iv Осы нұсқаулық туралы ........................................................... v Анықтамалық нұсқаулық ....................................................... vi Қауіпсіздік шаралары ............................................................ vii Ескертпелер............................................................................... x Сымсыз желілер....................................................................
Басқа суретке түсіру режимдері 41 w Шығармашыл режимді таңдау .......................................41 Нысанға немесе жағдайға сəйкес режимді таңдау ..............42 HDR..........................................................................................44 Easy Panorama (Оңай панорама) ..........................................45 Selective Color (Таңдамалы түс) ............................................48 P, S, A жəне M режимдерінде фотосуреттер түсіру ..........
Фотосурет түсіру туралы қосымша ақпарат 70 Тікелей кескінді басқару........................................................ 70 Үздіксіз суретке түсіру режимі ............................................. 73 Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимдері................ 75 Кірістірілген жарқыл .............................................................. 77 Автоматты түрде шығару режимдері.................................... 77 Қолмен шығару режимдері....................................................
Техникалық жазбалар 108 Қосымша керек-жарақтар ....................................................108 Рұқсат етілген жад карталары .............................................109 Сақтау жəне тазалау .............................................................110 Сақтау ....................................................................................110 Тазалау ..................................................................................
Сенсорлы басқару элементтері Сенсорлы басқару элементтерін фотосурет түсіру жəне əр түрлі басқа əрекеттер үшін пайдалануға болады (0 13). Фотосуреттер Көру 2/12 Түсірілген сурет 3/12 4/12 Ойнатуды масштабтау/сурет нобайын қарау Бейнефильмдер Фокустау Қарау Жоғарыда тізілген функцияларға қоса, сенсорлы басқару элементтерін баптауларды реттеу жəне мəзірлерді шарлау үшін пайдалануға болады.
Осы нұсқаулық туралы Сандық фотокамераны пайдаланудың толық нұсқаулығын Анықтамалық нұсқаулық бөлімінен (vi-бет) қараңыз. Фотокамераның мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін осы Қолданушы нұсқаулығын мұқият оқуды ұмытпаңыз жəне оны өнімді пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз. Фотокамера баптаулары Осы нұсқаулықтағы түсіндірмелер əдепкі баптауларды ескере отырып берілген.
Анықтамалық нұсқаулық Nikon фотокамерасын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген веб-сайттан фотокамераның Анықтамалық нұсқаулығының pdf көшірмесін жүктеңіз. Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Reader, я болмаса, Adobe Acrobat Reader 5.0 немесе одан кейінгі нұсқаны пайдаланып көруге болады. 1 Компьютерде веб-браузерді іске қосыңыз, сөйтіп http://nikonimglib.com/manual/ бетіндегі Nikon нұсқаулығын жүктеу сайтын ашыңыз 2 Қажет өнімнің бетіне өтіп, нұсқаулықты жүктеңіз.
Қауіпсіздік шаралары Nikon өніміне зақым немесе өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтірмеу үшін осы жабдықты пайдаланудан бұрын келесі сақтық шараларын толық оқып шығыңыз. Осы сақтық нұсқауларын өнімді пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз. Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін салдарлар келесі таңбамен белгіленген: белгіше ескертулерді білдіреді. Жарақат алып қалмау үшін осы A Бұл Nikon өнімін пайдаланудан бұрын барлық ескертулерді оқыңыз.
A Құрылғылар қосылған немесе пайдаланылған кезде фотокамераны, батареяны немесе зарядтау құрылғысын ұзақ уақыт бойы ұстамаңыз. Құрылғы бөліктері ысып кетеді. Құрылғыны ұзақ уақыт бойы тікелей теріге тигізу нəтижесінде төмен қызулы күйіктер пайда болуы мүмкін. A Өнімді жоғары температура əсер ететін, мысалы, жабық тұрған көліктің іші тəрізді немесе күннің сəулесі тура түсетін жерлерге қоймаңыз. Осы сақтық шарасы орыдалмаса, өнімге зақым келуі немесе өрт шығуы мүмкін.
• Пайдаланғаннан кейін немесе өнім батарея қуатында ұзақ уақыт бойы пайдаланылған кезде батарея бірден ысып кетуі мүмкін. Батареяны алмас бұрын фотокамераны өшіріп, батареяның салқындауын күтіңіз. • Батареяда түсінің немесе пішінінің өзгеруі сияқты өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды доғарыңыз.
Ескертпелер • Nikon компаниясы осы өнімді • Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon пайдаланудан болған қандай да бір компаниясының жазбаша зақымға жауап бермейді. рұқсатынсыз қандай да бір жолмен • Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің қайта көшіруге, таратуға, қайта дұрыс жəне толық болуына бар күшжазуға, іздеу жүйесінде сақтауға жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай немесе кез-келген түрде басқа бір да бір қателерді немесе тілге аударуға рұқсат етілмейді.
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкін екенін ескеріңіз. • Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған нəрселер «Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру Кескіндерді өшіру, я болмаса жад карталарын немесе басқа деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толығымен өшірмейтінін ескеріңіз. Кейде өшірілген файлдарды сатылатын бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып лақтырылған сақтау құрылғыларынан қалпына келтіруге болады, бұл жеке кескін деректерін зиян келтіру үшін пайдалануға əкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялығын қамтамасыз ету пайдаланушының жауапкершілігінде.
AVC Patent Portfolio лицензиясы Бұл өнім AVC patent portfolio лицензиясы аясында (i) бейне файлды AVC стандартына сай («AVC бейне») кодтау жəне/немесе (ii) жеке жəне коммерциялық емес əрекетпен айналысқан тұтынушы тарапынан кодталған жəне/немесе AVC бейне файлын ұсыну лицензиясына ие бейне файл провайдерінен алынған AVC бейне файлын декодтау үшін тұтынушының жеке жəне коммерциялық емес мақсатта қолдануына арналған.
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана қолданыңыз Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі электрондық тізбекті қамтиды.
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын пайдаланыңыз Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін сертификатталған Nikon компаниясының зауыттық үлгіге сай керекжарақтары ғана оның жұмыс параметрлеріне жəне қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Өзге компаниялар шығарған керекжарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon кепілдігінің жарамдылығын тоқтатуы мүмкін.
Сымсыз желілер Америка Құрама Штаттарында жасалған шифрлау бағдарламалық жасақтамасын қамтитын бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару ережелері реттейді жəне оны Америка Құрама Штаттары тауарларға қатысты эмбаргоны белгілеген ешбір елге экспорттауға немесе қайта экспорттауға болмайды. Қазіргі уақытта келесі елдерге эмбарго қолданылады: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан жəне Сирия. Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертулер Осымен, Nikon Corporation 1 J5 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сай екенін жариялайды. Бұл сəйкестік туралы декларациямен мына мекенжайда танысуға болады: http://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_1J5.
Кеден Одағының мəлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/сертификат Жасап шығарушы: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Өндіруші: “Никон Корпорейшн”, Шин-Юракучо Билдинг, 12-1, Юракучо 1-тёме, Тийода-ку, Токио 100-8331, Жапония Телефон: +81-3-3214-5311 Импортер: жшқ «Никон» Ресей Федерациясы, Мəске, 105120, 2-шi Сыромятнический тар көш, уй 1 Телефон: +7 (495) 663-77-64 1 J5 Шығарушы ел: Қытай Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме: ТС № RU Д-JP.АЯ46.B.72106 Жарамдылық мерзімі: 15.10.2014 бастап 30.07.
sКіріспе Фотокамера жəне керек-жарақтар Келесі заттар осы өнімді сатып алғанда қамтылады немесе бөлек сатылады. Орамда қамтылған ретінде тізілген барлық заттар бар екеніне көз жеткізіңіз. Бөлек сатып алуға болатын керек-жарақтардың толық тізімін 108-беттен қараңыз.
Фотокамера бөлшектері Фотокамераның басқару тетіктерімен жəне дисплейлерімен асықпай танысыңыз. Нұсқаулықтың өзге бөлімдерін оқу барысында осында қайта оралу үшін осы бөлімге бетбелгі қойғыңыз келуі мүмкін. Фотокамера корпусы s 1 2 3 4 5 19 18 17 16 15 6 5 7 8 9 22 14 13 12 1 Басқару дискі ............................... 28 2 Бейнефильмді жазу түймешігі.... 33 3 Ысырманы босату түймешігі ............................................... 30, 35 4 Режимді таңдау дискі ....................
Фотокамера корпусы (жалғасы) 1 2 3 11 4 5 6 12 s 13 7 8 14 9 10 1 Еңкейтілетін монитор .....................................4, 11, 13, 83 2 F (Wi-Fi) түймешігі ................93, 96 3 K (қарау) түймешігі .....................28 4 G (мəзір) түймешігі ...................8 5 Мульти селектор ............................9 J (OK) түймешігі............................9 & (мүмкіндік).................................10 E (экспозиция түзетілімі) M (жарқыл режимі) .......................
Монитор 1 2 34 s 4 Батарея толық БЕЛГІШЕ зарядталған ЖОҚ немесе ішінара зарядсызданған. Батарея заряды H төмен. 5 6 7 8 9 1011 36 35 34 33 32 31 30 29 28 12 13 14 15 16 17 18 19 27 26 25 24 23 22 21 20 1 Суретке түсіру режимі................... 6 20 «k» (1000-нан астам экспозиция үшін жад қалғанда пайда болады) 2 Тікелей кескінді басқару ............. 70 Шығармашыл режим .................. 41 21 Қалған кадрлар саны................... 24 Ең жақсы сəтті түсіруді таңдау ...
A Жазу аумағы Бейнефильм жазу кезінде жазылатын аумақ дисплейде бағыттағыштармен көрсетіледі; бағыттағыштардың сыртқы түрі суретке түсіру мəзірінде Electronic VR (movies) (Электрондық ДА (бейнефильмдер)) (0 102) үшін таңдалған параметрге байланысты.
Режимді таңдау дискі Фотокамера келесі суретке түсіру режимдерін ұсынады: s Режимді таңдау дискі C Автоматты режим (0 25): фотокамераға фотосуреттер жəне бейнефильмдер үшін параметрлерді таңдауға мүмкіндік беру. a Спорт режимі (0 53): ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда фотокамера үздіксіз суреттер түсіреді. Спорт оқиғалары жəне жылдам қозғалатын нысандар бар басқа көріністер үшін таңдаңыз. w Шығармашыл режим (0 41): арнайы əсерлерді пайдалану немесе параметрлерді көрініске сəйкес ету.
t, u, v жəне w режимдері (0 49): кеңейтілген фотографиялық əсерлер үшін ысырма жылдамдығын жəне апертураны басқарады.
G түймешігі Суретке түсіру, ойнату, баптау жəне Wi-Fi параметрлерінің көпшілігіне фотокамера мəзірлерінен қатынасуға болады. Мəзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз. s G түймешігі Қойындылар Мына мəзірлер ішінен таңдаңыз: D Қарау мəзірі (0 100) C w P S A M a v u z Суретке түсіру мəзірі (0 101) B Баптау мəзірі (0 102) v Wi-Fi мəзірі (0 89, 103) Мəзір параметрлері Ағымдағы мəзірдегі параметрлер. Жүгірткі ағымдағы мəзірдегі орынды көрсетеді.
❚❚ Мəзірлерді пайдалану Қарау, суретке түсіру, баптау жəне Wi-Fi мəзірлерін шарлау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Мульти селектор 1 Мəзірді таңдаңыз. s Қойындыларды белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз жəне меңзерді белгіленген мəзірге орналастыру үшін 2 түймешігін басыңыз. 2 Элементті таңдаңыз. 1 немесе 3 түймешігін басып, мəзір элементтерін белгілеңіз, сөйтіп белгіленген элемент параметрлерін көру үшін 2 түймешігін басыңыз. 3 Параметрді таңдаңыз.
& (мүмкіндік) мəзірі Мүмкіндік мəзірін көрсету жəне фотокамера параметрлерін реттеу немесе қарау параметрлеріне қатынасу үшін мульти селекторда & (мүмкіндік) түймешігін басыңыз. s & мəзір (суретке түсіру режимі) & мəзір (қарау мəзірі) 1 Элементті таңдаңыз. Мульти селекторды пайдаланып элементті белгілеңіз жəне параметрлерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз (& мəзірінен шығу үшін ысырманы босату түймешігін 30-бетте сипатталғандай жартылай басыңыз немесе 1 белгішесін белгілеп, J түймешігін басыңыз).
Мониторды еңкейту Фотосуреттерді төменде көрсетілгендей бұрыштауға жəне бұруға болады. Қалыпты пайдалану: монитор əдетте сақтау қалпында пайдаланылады. s Төмен бұрышты түсірілімдер: түсірілімдерді фотокамера жерге жақын күйде жақтауға алу үшін мониторды жоғары еңкейтіңіз. Төмен бұрышты қалыпта болғанда мониторды одан əрі төмендетуге болады. Жоғары бұрышты түсірілімдер: түсірілімдерді фотокамераны бастың үстінде ұстап тұрып жақтауға алу үшін мониторды төмен еңкейтіңіз.
Өздігінен түсірілетін портреттер (0 83): өздігінен түсірілетін портрет режимін таңдау үшін мониторды аударыңыз. s D Мониторды пайдалану Мониторды топсалардың шектерінің арасында жайлап бұрыңыз. Күш салмаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау фотокамераның немесе монитордың зақымдалуына əкелуі мүмкін. Егер фотокамера штативке бекітілген болса, монитордың штативке тиіп тұрмауын қамтамасыз ету керек. Монитор артындағы аумаққа тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өнімнің дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
Сенсорлы экранды пайдалану Сенсорлы монитор келесі əрекеттерді қолдайды: Нұқу Мониторды нұқыңыз. s Шерту Саусақпен мониторда қысқа қашықтыққа шертіңіз. Сырғыту Саусақты мониторда сырғытыңыз. Созу/шымшу Мониторға екі саусақты қойып, бір бірінен алшақтатыңыз немесе бір біріне жақындатыңыз.
D Сенсорлы экран Сенсорлы экран статикалық электрге реакция көрсетеді жəне үшінші тарап қорғағыш таспаларымен жабылған кезде, я болмаса тырнақтармен немесе қолғаптағы қолдармен тигенде реакция көрсетпеуі мүмкін. Артық күш қолданбаңыз немесе экранға үшкір заттармен тимеңіз. s D Сенсорлы экранды пайдалану Екінші орында алақаныңызды қалдырып немесе басқа саусақты қойып пайдалануға тырыссаңыз, сенсорлы экран күткендей жауап бермеуі мүмкін.
Параметрлерді көру үшін белгіленген белгішелерді нұқыңыз жəне өзгерту үшін белгішелерді немесе жүгірткілерді нұқыңыз (қол жетімді элементтер фотокамера параметрлеріне қарай өзгеріп отырады). Өзгертулерді сақтау жəне шығу үшін 0 түймешігін нұқыңыз немесе өзгертулерді сақтаусыз алдыңғы дисплейге шығу үшін 2 түймешігін нұқыңыз. Параметрлерді реттеу s A Нұқып суретке түсіру параметрлері Нұқып суретке түсіру параметрлерін оң жақта көрсетілген белгішені нұқу арқылы реттеуге болады (0 86).
Ұлғайту s Сурет нобайларын көру Ұлғайту жəне кішірейту үшін созу жəне шымшу қимылдарын пайдаланыңыз жəне жүгірту үшін сырғытыңыз. Сондай-ақ, толық өлшемде қарау кезінде ұлғайту үшін суретті екі рет нұқуға жəне масштабтан шығу үшін қайтадан екі рет нұқуға болады. Сурет нобайлары көрінісіне «ұлғайту» үшін толық өлшемде қарау режимінде шымшу қимылын пайдаланыңыз. 4, 9 немесе 16 кадр арасынан көрсетілетін кескіндердің санын таңдау үшін шымшуды жəне созуды пайдаланыңыз.
Мəзірді таңдау Мəзірді таңдау үшін мəзір белгішесін нұқыңыз. Элементтерді таңдау/ параметрлерді реттеу Параметрлерді көрсету үшін мəзір элементтерін нұқыңыз жəне өзгерту үшін белгішелерді немесе жүгірткілерді нұқыңыз. Параметрлерді өзгертусіз алдыңғы дисплейге шығу үшін 2 түймешігін нұқыңыз. s ❚❚ & мəзірі Сенсорлы экранды пайдаланып & мəзіріндегі параметрлерді реттеуге болады.
Алғашқы қадамдар 1 Фотокамера бауын тағыңыз. Мойын бауын фотокамераның екі тесігіне мықтап тағыңыз. s 2 Батареяны зарядтаңыз. Батареяны зарядтау құрылғысына q салып, зарядтау құрылғысын розеткаға w қосыңыз. Заряды таусылған батарея шамамен екі сағат, 30 минутта толық зарядталады. Зарядтау аяқталған кезде зарядтау құрылғысын суырып, батареяны алып тастаңыз.
3 Батареяны жəне жад картасын салыңыз. Фотокамера суреттерді microSD, microSDHC жəне microSDXC жад карталарына сақтайды (бөлек сатылады; 0 109). Батареяны немесе жад карталарын салмай тұрып дұрыс бағытта екенін тексеріңіз. Батареяны пайдаланып қызғылт сары батарея ілмегін бір жаққа басып тұрып, батареяны бекітілгенше сырғытыңыз, содан кейін орнына «шырт» етіп түскенше жад картасын ішке сырғытыңыз. Картаны бұрыштап салуға əрекет етпеңіз; бұл сақтық шарасын қолданбау өнімнің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
4 Объективті бекітіңіз. s Объектив немесе корпус қақпағы алынған кезде шаңтозаңның фотокамераға кіруіне жол бермеу үшін сақ болыңыз. Көрнекілік мақсатында осы нұсқаулықта көбінесе 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM объективі пайдаланылады. 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM пайдаланылған кезде объектив қақпағына қол тигізбеңіз; бұл сақтық шарасын қолданбау өнімнің дұрыс емес жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін.
Объективті орнына шырт етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз. s A Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешіктері бар объективтер Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес Масштабтау сақинасы түймешіктері бар объективтерді ішке қарай жиналған кезде пайдалану мүмкін емес. Объективті алу үшін фотокамераны өшіріңіз, содан кейін объективті босату түймешігін басып тұрып (q), объективті сағат тілімен бұрыңыз (w).
5 Фотокамераны қосыңыз. s Фотокамераны қосу үшін қуат ажыратқышын бұраңыз. Қуат шамы аз уақыт жасыл түсті болып жанады да, монитор қосылады. Егер объектив алдыңғы объектив қабымен жабдықталған болса, суретке түсіру алдында қапты алыңыз. 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM объективі бекітілген болса, фотокамера қосылған кезде объектив автоматты түрде созылады да, фотокамера өшірілгенде ішке қарай жиналады. A Фотокамераны өшіру Фотокамераны өшіру үшін қуат ажыратқышын қайта бұраңыз. Монитор өшеді.
7 Сағатты орнатыңыз. Мульти селекторды жəне J түймешігін пайдаланып уақытты жəне күнді орнатыңыз. Фотокамераның 24 сағаттық пішімдегі сағатты пайдаланатынын ескеріңіз. s Уақыт белдеуін белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басып, J түймешігін басыңыз. Күн пішімін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басып, J түймешігін басыңыз. Жазғы уақыт параметрін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басып, сөйтіп J түймешігін басыңыз.
8 Батарея зарядының деңгейін жəне жад картасының сыйымдылығын тексеріңіз. Мониторда батарея қуатын жəне қалған кадрлар санын тексеріңіз (0 4).
Фотосуреттерді түсіру жəне zқарау Бұл тарауда автоматты жəне шығармашыл режимдерде фотосуреттер түсіру, оларды қарау жəне жою əдісі сипатталған. «Бағыттау жəне түсіру» режимінде фотосурет түсіру (автоматты режим) Автоматты режимде, фотокамера нысан түрін автоматты түрде анықтайтын жəне параметрлерді нысанға жəне жағдайға сай реттейтін «бағыттау жəне түсіру» режимінде фотосуреттер түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. z 1 Фотокамераны қосыңыз. Фотокамераны қосу үшін қуат ажыратқышын бұраңыз.
3 Фотокамераны дайындаңыз. Объективке, АФ қосымша шамына немесе микрофонға кедергі жасамай, фотокамераны екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз. «Тік» (портреттік) бағытта суреттер түсірген кезде төменгі оң жақта көрсетілгендей фотокамераны бұрыңыз. z Жарықтандыру нашар болса, ысырма жылдамдықтары баяулайды; кірістірілген жарқылды (0 77) немесе штативті пайдалану ұсынылады. 4 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Нысанды жақтау ортасына орналастырыңыз.
6 Суретке түсіріңіз. Ысырманы босатып, фотосуретті жазу үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз. Сондай-ақ, суреттерді сенсорлы басқару элементтерін пайдаланып түсіруге болады. Фокустау үшін кадрдың кез келген жерінде нысанды нұқыңыз, сөйтіп ысырманы босатыңыз. Ысырманы босатудан кейін жад картасына қатынасу шамы жанады жəне фотосурет мониторда бірнеше секунд көрсетіледі (ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фотосурет дисплейден автоматты түрде жоғалады).
Фотосуреттерді қарау Мониторда ең соңғы фотосуретті толық өлшемде (толық өлшемде қарау) көрсету үшін K түймешігін басыңыз. K түймешігі z Қосымша суреттерді қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз немесе мульти селекторды бұраңыз. Сондай-ақ, солға немесе оңға шерту арқылы суреттер арасында жүгіртуге болады (0 15). Ағымдағы кескіннің ортасында ұлғайту үшін басқару дискін оңға қарай бұраңыз.
Суреттерді өшіру Ағымдағы суретті жою үшін O түймешігін басыңыз. Жойғаннан кейін суреттерді қалпына келтіру мүмкін емес екенін ескеріңіз. 1 Фотосуретті көрсетіңіз. Алдыңғы бетте сипатталғандай өшірілетін фотосуретті көрсетіңіз. 2 O түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі. z O түймешігі 3 Фотосуретті өшіріңіз. Суретті өшіріп, қарау режиміне оралу үшін O түймешігін қайта басыңыз немесе суретті өшірмей шығу үшін K түймешігін басыңыз.
A Ысырманы босату түймешігі Фотокамераның екі сатылы ысырманы босату түймешігі бар. Фотокамера ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустайды. Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. z Фокустау: жартылай басыңыз Суретке түсіру: соңына дейін басыңыз A Көріністі автоматты түрде таңдау Автоматты режимде фотокамера нысанды Көрініс белгішесі автоматты түрде талдайды да, тиісті көріністі таңдайды. Таңдалған көрініс мониторда көрсетіледі.
A Масштабтау объективін пайдалану Нысан кадрдағы үлкендеу аумақты толтыратындай ұлғайту немесе түпкілікті фотосуреттегі көрінетін аумақты көбейту мақсатында кішірейту үшін масштабтау сақинасын пайдаланыңыз. 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM көмегімен бейнефильм жазу барысында сақинаны айналдыру жылдамдығы масштабтау жылдамдығына əсер етпейді. Ұлғайту Кішірейту z Масштабтау сақинасы A Бет басымдығы Фотокамера портреттік нысандарды анықтайды жəне фокустайды (бет басымдығы).
Бейнефильмдерді жазу yжəне қарау Бейнефильмдерді жазу 1 Фотокамераны қосыңыз. Фотокамераны қосу үшін қуат ажыратқышын бұраңыз. y 2 Суретке түсіру режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін оң жақта көрсетілген күйлердің кез келгеніне бұраңыз. 3 Бастапқы түсірілімді жақтауға алыңыз. Нысанды дисплейдің ортасына əкеліп бірінші түсірілімді жақтауға алыңыз. A 0 белгішесі 0 белгішесі бейнефильмдерді жазу мүмкін емес екенін көрсетеді.
4 Жазуды бастаңыз. Жаза бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. Жазу орындалып жатқан кезде жазу индикаторы, өткен уақыт жəне қол жетімді уақыт көрсетіледі. A Дыбыс жазу Микрофонды жауып қалмаңыз жəне кірістірілген микрофонның фотокамера немесе объектив шығаратын дыбыстарды жазуы мүмкін екенін ескеріңіз.
❚❚ Суретке түсіру режимін таңдау Əр режимде қол жетімді мүмкіндіктер төменде тізілген. C w y a PS AM v 34 Бұл режимді фотокамераны параметрлерді таңдауға жауапты етіп қалдырып, HD Автоматты режим бейнефильмдерін жазу үшін таңдаңыз. (0 25) Фотокамера нысанға жəне жағдайға қарай параметрлерді автоматты түрде реттейді. HD бейнефильмдерін таңдалған əсермен жазу.
Бейнефильмді жазу кезінде фотосуреттер түсіру Бейнефильм жазуды үзбей фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Бейнефильмді жазу кезінде түсірілген фотосуреттердің арақатынасы 3 : 2. A Бейнефильмді жазу кезінде фотосуреттер түсіру Əр бейнефильм түсірілімімен 20 фотосуретке дейін түсіруге болады. Кеңейтілген бейнефильм режимінде фотосуреттерді баяу қозғалысты, 4K немесе баяулатылған бейнефильм арқылы фотосуреттер түсіру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Бейнефильмдерді қарау Бейнефильмдер толық өлшемде қарау режимінде 1 белгішесімен көрсетіледі (0 28). Қарауды бастау үшін J түймешігін басыңыз немесе M белгішесін нұқыңыз. 1 белгішесі/Ұзақтық y Ағымдағы күй/жалпы ұзақтығы M белгішесі Дыбыс деңгейі Анықтама Келесі əрекеттерді орындауға болады: Мақсат Əрекет Кідірту Ойнату J Алға/кері айналдыру Дыбыс деңгейін реттеу Толық өлшемде қарау режиміне оралу 36 Сипаттамасы Ойнатуді кідірту; ағымдағы күй дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі.
Бейнефильмдерді өшіру Ағымдағы бейнефильмді өшіру үшін O түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; бейнефильмді өшіріп, қарау режиміне оралу үшін O түймешігін қайта басыңыз немесе бейнефильмді өшірмей шығу үшін K түймешігін басыңыз. Өшірілгеннен кейін бейнефильмдерді қалпына келтіру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
v Кеңейтілген бейнефильм параметрлері Кеңейтілген бейнефильм режимін HD бейнефильмдерін түсіру үшін ғана емес, сонымен бірге, əр түрлі əсерлер бар бейнефильмдерді жазу үшін пайдалануға болады. & түймешігін басу жəне Advanced movie (Кеңейтілген бейнефильм) тармағын & (мүмкіндік) мəзірінде таңдау арқылы келесі параметрлерге қатынасуға болады. y movie (HD 0 HD бейнефильм) z 8 y HD бейнефильмдерін таңдаған экспозиция режимінде жазыңыз (0 101).
2 Jump cut (Кадрдың дереу алмасуы) Дыбыссыз, кадрлары жылдам ауысатын бейнефильмдерді жазыңыз. Кадрды қалдырып кету əсерін беру үшін жазу екі секунд сайын бір рет кідіріп отырады. Жазу Қарау 3 4-second movie (4 секундтық 4 секундтық бейнефильм клипін жазыңыз. бейнефильм) A Жазу кезінде фокусты реттеу Жазу кезінде фокусты өзгерту үшін дисплейде қажет нысанды нұқыңыз. Фотокамера жаңа фокустау аумағын көрсетеді жəне фокусты реттейді.
A Жазу уақыты Келесі кестеде əр суретке түсіру режимінде əдепкі кадр жылдамдығында түсірілген жекелеген бейнефильмдер үшін ең көп болжалды жазу уақыттарының тізімі берілген.
Басқа суретке түсіру Rрежимдері Фотокамера параметрлерді нысанға немесе жағдайға сəйкестендіру, фотосуреттерді арнайы əсерлерді пайдаланып түсіру, ысырма жылдамдығы мен апертураны басқару, уақытын орнату қиын суреттерде көмектесу немесе фотосуреттерді қысқа бейнефильм виньеткаларымен біріктіру үшін пайдалануға болатын бірнеше режимді ұсынады.
Нысанға немесе жағдайға сəйкес режимді таңдау Нысанға немесе жағдайға сəйкес шығармашыл режимді таңдаңыз: Параметр Pop (Поп) (P) Retro (Ретро) (Q) R 42 Сипаттамасы Ашық, жарқын суреттерді түсіріңіз. Өңсіз, ретро əсерін таңдау. Қызыл жəне сары ішінен реңкті таңдау үшін & (мүмкіндік) мəзірін (0 10) пайдаланыңыз. High-contrast Жоғары контрастты қара жəне ақ түстермен monochrome (Жоғары контрастты суретке түсіріңіз.
Параметр Toy camera effect (Ойыншық фотокамера əсері) (7) Сипаттамасы Ойыншық фотокамера əсері үшін түстің қанығуын өзгертіп, шеткі жарықты азайтыңыз. & мəзірінде келесі параметрлер қол жетімді (0 10): • Saturation (Қанығуы): H (жоғары), I (қалыпты) жəне J (төмен) арасынан таңдаңыз. • Vignetting (Виньеттеу): виньеттеу мөлшерін U (жоғары), V (қалыпты) жəне W (төмен) арасынан таңдаңыз. Cross screen (Айқас Жарық көздеріне жұлдызша əсерлерін қосыңыз. экран) (T) Балық көзі түріндегі объектив əсерін жасаңыз.
HDR Жарық аумақтардағы жəне күңгірт аумақтардағы кішігірім элементтер HDR (жоғарғы динамикалық ауқым) арқылы сақталады. Ысырманы босату түймешігі толық басылған сайын фотокамера жылдам тізбекте екі түсірілім жасайды жəне контрасты жоғары көріністердің жарық аумақтарындағы жəне күңгірт аумақтарындағы кішігірім элементтерді сақтау үшін оларды біріктіреді; кірістірілген жарқыл жанбайды. Суреттерді өңдеу үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін; түпкілікті фотосурет өңдеу аяқталғаннан кейін көрсетіледі.
Easy Panorama (Оңай панорама) Панорамаларды түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Суретке түсіру кезінде фотокамера АФ аумағын автоматты түрде таңдауды пайдаланып фокустайды (0 102); бетті анықтау (0 31) қол жетімді емес. Экспозиция түзетілімін пайдалануға болады, бірақ кірістірілген жарқыл жанбайды. 1 Фокусты жəне экспозицияны орнатыңыз. Панораманың басын жақтауға алыңыз жəне ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Дисплейде бағыттағыштар көрсетіледі. R 2 Түсіруді бастаңыз.
Фотокамераны панорамалау мысалы төменде көрсетілген. Қалыпты өзгертпестен, фотокамераны тұрақты қисық сызықпен көлденеңінен немесе тігінен панорамалаңыз. Панорамалау уақытын суретке түсіру мəзірінде Image size (Кескін өлшемі) үшін таңдалған параметрге сай орнатыңыз: панорамалауды аяқтау үшін A Normal panorama (Қалыпты панорама) параметрі таңдалған кезде шамамен 15 секунд, B Wide panorama (Кең панорама) параметрі таңдалған кезде шамамен 30 секунд қажет.
❚❚ Панорамаларды көру Панорамаларды панорама толық өлшемде көрсетілгенде J түймешігін басу арқылы көруге болады (0 28). Панораманың басы ең кіші өлшем дисплейді толтырып көрсетіледі, содан кейін фотокамера сурет арқылы бастапқы панорамалау бағытында жүгірте бастайды. Анықтама Келесі əрекеттерді орындауға болады: Мақсат Əрекет J Алға/кері айналдыру Толық өлшемде қарау режиміне оралу R Ойнатуды кідіртіңіз. Дисплейдің төменгі жағында шарлау терезесі пайда болады.
Selective Color (Таңдамалы түс) Түсте бір ғана реңк көрсетілетін ақ-қара сурет түсіріңіз. 1 Select color (Түсті таңдау) параметрін таңдаңыз. & (мүмкіндік) түймешігін басып & мəзірін көрсетіңіз, содан кейін Select color (Түсті таңдау) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз. 2 Түсті таңдаңыз. Мульти селекторды пайдаланып түсті таңдап, J түймешігін басыңыз. R 3 Суреттерді түсіріңіз. Суреттер түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
P, S, A жəне M режимдерінде фотосуреттер түсіру P, S, A жəне M режимдері ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарудың түрлі дəрежелерін ұсынады. Режимді таңдаңыз жəне шығармашыл ниетке сай параметрлерді реттеңіз. P Бағдарламаланған автоматты режим Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы экспозицияға қол жеткізу үшін автоматты түрде реттейді.
S Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режимде ысырма жылдамдығын таңдайсыз, ал фотокамера оңтайлы экспозицияны беретін апертураны автоматты түрде таңдайды. Қозғалыстағы нысандарды бұлдыратып, қозғалысты көрсету үшін ысырманың баяу жылдамдықтарын, ал қозғалысты «қатырып тастау» үшін жоғары ысырма жылдамдықтарын пайдаланыңыз.
A Апертура басымдығы бар автоматты режим Апертура басымдығы бар автоматты режимде апертураны таңдайсыз, ал фотокамера оңтайлы экспозицияны беретін ысырма жылдамдығын автоматты түрде таңдайды. Үлкен апертуралар (төмен f сандары) анық түсірілетін кеңістік тереңдігін азайтып, негізгі нысанның арты мен алдындағы нысандарды бұлдыратады. Кішкентай апертуралар (жоғары f сандары) анық түсірілетін кеңістік тереңдігін арттырып, артқы фон мен алдыңғы фондағы кішігірім элементтерді анығырақ етіп көрсетеді.
M Қол режимі R Қол режимінде ысырма жылдамдығы мен апертура екеуін де басқарасыз. ❚❚ Ысырма жылдамдығы мен апертураны таңдау Экспозиция индикаторына қарап отырып ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеңіз (0 52).
a Қозғалыстағы нысандарды фотосуретке түсіру (спорт режимі) Спорт оқиғалары жəне жылдам қозғалатын нысандар бар басқа көріністер үшін a (спорт) режимін таңдаңыз. Ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда фотокамера үздіксіз суреттер түсіреді (0 73). 1 Cпорт режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін a режиміне бұраңыз. 2 Суретке түсіру режимінің параметрлерін көрсетіңіз. R Суретке түсіру режимінің параметрлерін көрсету үшін 4 (C) түймешігін басыңыз. 3 Кадр жылдамдығын таңдаңыз.
A Спорт режимі Фотокамера жалғыз нүктелі, үздіксіз бақылағыш автофокусты пайдаланады. Жарқыл, АФ қосымша шамы, бет басымдығы (0 102) жəне кескінді тексере қарау (0 102) автоматты түрде өшеді. D Қатарынан фотосурет түсіру Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына қатынасу шамы жанады (0 27). Суретке түсіру жағдайларына жəне жад картасының жазу жылдамдығына қарай жазу суретке түсіру аяқталғаннан кейін біраз уақыт бойы жалғасуы мүмкін.
u Сəтті таңдау (Ең жақсы сəтті түсіру) Ысырманы босатудан қысқа уақыт бұрын немесе кейін уақытша қоймаға жазылған 20 кадрдан түсірілімді таңдаңыз (Қосылған таңдау), көрініс баяу қозғалыспен ойнатылғанда ысырманы босататын сəтті таңдаңыз (баяу көрініс) немесе фотокамераға кадр жиектемесінің жəне қозғалыстың негізінде ең жақсы түсірілімді таңдауға мүмкіндік беріңіз (Smart Photo Selector).
2 Active Selection (Қосылған таңдау) параметрін таңдаңыз. & мəзірін көрсету үшін & (мүмкіндік) түймешігін басыңыз. Best moment capture (Ең жақсы сəтті түсіру) параметрін белгілеп, J түймешігін басып, содан кейін Active Selection (Қосылған таңдау) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз. R 3 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Нысанды кадрдың ортасына əкеліп фотосуретті жиектеңіз. 4 Фотосуреттерді буферлеуді бастаңыз. Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (0 26).
5 Суретке түсіріңіз. Ысырманы босату түймешігін соңына дейін бірқалыпты басыңыз. Ысырманы босату түймешігін соңына дейін баспай тұрып жəне басқаннан кейін буферге жазылған 20 кадр уақытша жадқа көшіріледі, əрі дисплейдің жоғарғы жағында индикатор көрсетіледі. 6 20 кадрға дейін таңдаңыз.
A Ең жақсы сəтті түсіру режимі Бейнефильмдерді жазу мүмкін емес жəне бейнефильмді жазу түймешігін басудың əсері болмайды. Жарқылды пайдалану мүмкін емес. A Active Selection (Қосылған таңдау) Əдепкі параметрлерде ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылғанда жазылған кадр 6-қадамда p белгішесімен автоматты түрде белгіленеді.
Сəтті таңдау (баяу көрініс) u (ең жақсы сəтті түсіру) режимінде баяу көрініс таңдалса, фотокамера фотосуреттердің қысқа тізбегін түсіріп, оларды баяу қозғалыста ойнатады, соның арқасында фотосуреттің дəл сəтін таңдай аласыз. 1 u режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін u (ең жақсы сəтті түсіру) режиміне бұраңыз. 2 Slow view (Баяу көрініс) режимін таңдаңыз. & мəзірін көрсету үшін & (мүмкіндік) түймешігін басыңыз.
4 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустаудан кейін фотокамера уақытша жад буферіне 20 кадрды жазады. Содан кейін ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда фотокамера оларды үздіксіз циклмен Орындалу барысының индикаторы баяу ойнатады. Мониторда & белгішесі көрсетіледі. R 60 Қажет кадр көрсетілгенде ағымдағы кадрды жазу жəне қалған кескіндерді қабылдамау үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Жазу аяқталғанда таңдалған кадр бірнеше секунд бойы көрсетіледі.
Фотокамераға сəтті таңдауға мүмкіндік беру (Smart Photo Selector) Smart Photo Selector режимі портрет нысанының бетіндегі лезде өзгеретін көріністі түсіруге немесе топтық фотосуреттер сияқты, уақытын белгілеуі қиын түсірілімдер жасау үшін көмектеседі. Ысырма босатылған сайын фотокамера ең жақсы суретті жəне кадр жиектемесі мен қозғалысқа қарай ең жақсы сурет деп аталуға лайықты төрт суретті автоматты түрде таңдайды. R 1 u режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін u (ең жақсы сəтті түсіру) режиміне бұраңыз.
3 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Нысанды кадрдың ортасына əкеліп фотосуретті жиектеңіз. 4 Фотосуреттерді буферлеуді бастаңыз. R Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (0 26). Фотокамера жад буферіне кескіндерді жаза бастаған кезде & белгішесі көрсетіледі. Ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрған кезде нысанға дейінгі қашықтықтың өзгеруін ескеру үшін фотокамера фокусты үздіксіз реттейді. 5 Суретке түсіріңіз. Ысырманы босату түймешігін соңына дейін бірқалыпты басыңыз.
❚❚ Smart Photo Selector арқылы түсірілген фотосуреттерді қарау Smart Photo Selector арқылы түсірілген фотосуреттерді көрсету үшін K түймешігін басып, мульти селекторды пайдаланыңыз (0 28; Smart Photo Selector арқылы түсірілген суреттер y белгішесімен көрсетіледі).
❚❚ Суреттерді өшіру Smart Photo Selector арқылы түсірілген сурет таңдалған кезде O түймешігі басылса, растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; ең жақсы суретті жəне ықтимал ең жақсы суреттерді өшіру үшін O түймешігін қайта басыңыз немесе суреттерді өшірмей шығу үшін K түймешігін басыңыз. Жойғаннан кейін суреттерді қалпына келтіру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
z Фотосуреттерді қысқа бейнефильм бөліктерімен біріктіру (Motion Snapshot режимі) Фотосуреттермен бірге қысқа бейнефильм виньеткаларын жазыңыз. Ысырма босатылған сайын фотокамера фотосуретті жəне бейнефильмнің шамамен 1,6 секундтай түсірілген бөлігін жазады. Нəтижесінде пайда болған «Motion Snapshot» кадрын фотокамерада қарағанда, соңында фотосуретке ұласатын, шамамен 4 секундтық бейнефильм баяу жылдамдықпен ойнатылады. R 1 z режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін z (Motion Snapshot) режиміне бұраңыз.
3 Буферлеуді бастаңыз. Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (0 26). Фотокамера жад буферіне түсірілген бөлікті жаза бастаған кезде & белгішесі көрсетіледі. 4 Суретке түсіріңіз. R Ысырманы босату түймешігін соңына дейін бірқалыпты басыңыз. Фотокамера ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылмас бұрын басталатын жəне одан кейін аяқталатын бейнефильмнің шамамен 1,6 секундтық түсірілген бөлігін жəне фотосуретті жазады. Біраз уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
❚❚ Movie Before/After (Бейнефильмге дейін/кейін) & (мүмкіндік) мəзіріндегі Movie before/after (Бейнефильм алдында/кейін) параметрін Motion Snapshot лездік суреттерінің бейнефильм бөліктері ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылғанда немесе содан шамамен 0,6 с кейін аяқталатынын таңдау үшін пайдаланыңыз (0 65). Егер 1.6 s : 0 s (1,6 с : 0 с) таңдалса, Motion Snapshot үшін пайдаланылған фотосурет бейнефильмнің соңғы кадрын қамтиды.
❚❚ File Format (Файл пішімі) & мəзіріндегі File format (Файл пішімі) параметрін Motion Snapshot лездік суреттері үшін файл пішімін таңдау үшін пайдалануға болады. R Motion Snapshot лездік суреттері шамамен 4 секундтық MOV файлы жəне JPEG кескіні ретінде NMS files жазылады. Motion Snapshot лездік суреттерін тек (NMS файлдары) фотокамерада немесе ViewNX-i бағдарламасында қарауға болады (0 104).
Motion Snapshot лездік суреттерін қарау Motion Snapshot лездік суретін көрсету үшін K түймешігін басып, мульти селекторды пайдаланыңыз (0 28; Motion Snapshot лездік суреттері z белгішесімен көрсетіледі). Motion Snapshot көрсетілген кезде J түймешігі басылса немесе M белгішесі нұқылса, соңында фотосурет көрсетіліп, шамамен 4 секунд бойы баяу қозғалысты бейнефильм бөлігі ойнатылады; ойнатудың барысында Audio (Дыбыс) көмегімен таңдалған дыбыс ойнатылады (0 68).
түсіру туралы tФотосурет қосымша ақпарат Бұл бөлімде суреттер түсіргенде пайдалануға болатын басқа мүмкіндіктер сипатталады. Тікелей кескінді басқару t Тікелей кескінді басқару тетігі əр басқару тетігінің өзгеруі түпкілікті фотосурет түсіруге қалай əсер ететінін алдын-ала қарауға мүмкіндік береді.
Y Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting): жарық аумақтардағы жəне күңгірт аумақтардағы кішігірім элементтердің табиғи контрастын сақтайды. Əсерді күшейту Əсерді азайту Қосылған D-Lighting: жоғары Қосылған D-Lighting: төмен 5 Background softening (Артқы фонды жұмсарту): нысанды бөлектеп көрсету немесе артқы фон мен алдыңғы фонды фокусқа шығару үшін артқы фондағы кішігірім элементтерді жұмсарту.
E Brightness control (Жарықтықты басқару): суреттерді жарықтау немесе қараңғылау ету. Жарығырақ Қараңғылау Жарығырақ t Қараңғылау 4 Creative palette (Шығармашылық палитра): шығармашыл əсерді таңдау үшін мульти селекторды бұраңыз немесе мониторда шығармашыл палитраны бұру үшін саусақты пайдаланыңыз. Таңдалған əсер мониторда көрінеді жəне палитраны бұрағанда біртіндеп өзгереді (палитраны қалпына келтіру үшін шығармашылық палитра жүгіргісі көрсетіліп тұрғанда Reset (Қалпына келтіру) пəрменін нұқыңыз).
Үздіксіз суретке түсіру режимі Фотосуреттердің үздіксіз қатарын (қатарынан түсіру режимі) түсіріңіз. 1 Суретке түсіру режимінің параметрлерін көрсетіңіз. Суретке түсіру режимінің параметрлерін көрсету үшін 4 (C) түймешігін басыңыз. 2 I параметрін таңдаңыз. Фотосурет түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы параметрлерін көрсету үшін I (үздіксіз) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. 3 Кадр жылдамдығын таңдаңыз. t Қажет кадр жылдамдығын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
D Үздіксіз суретке түсіру режимі I таңдалған кезде жарқыл жанса, тек бір сурет түсіріледі; 10, 20, 30 жəне 60 кадр/сек параметрлерінде кірістірілген жарқыл жанбайды. Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына қатынасу шамы жанады. Суретке түсіру жағдайларына жəне жад картасының жазу жылдамдығына қарай жазу біраз уақыт алуы мүмкін. Егер барлық фотосуреттер жазылғанша батарея қуаты таусылса, ысырманы босату ажыратылады жəне қалған кескіндер жад картасына тасымалданады.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимдері Өздігінен түсіруді реттейтін таймер ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылғаннан кейін ысырманы шамамен 10 немесе 2 секундтан кейін босату үшін пайдаланылады. 1 Суретке түсіру режимінің параметрлерін көрсетіңіз. Суретке түсіру режимінің параметрлерін көрсету үшін 4 (C) түймешігін басыңыз. 2 E параметрін таңдаңыз.
5 Фотосуретті жақтауға алып, түсіріңіз. Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз, содан кейін оны соңына дейін басыңыз. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтай бастайды жəне дыбыстық сигнал ойнай бастайды. Фотосурет түсіруден екі секунд бұрын шам жыпылықтауды тоқтатады жəне дыбыстық сигнал жиілейді. t Фотокамера фокустай алмағанда немесе ысырманы босату мүмкін болмаған басқа жағдайларда таймер іске қосылмауы немесе фотосурет түсірілмеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Кірістірілген жарқыл Нысан нашар жарықтандырылған кезде немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды «қосымша жарықтандыру» (жарықтандыру) үшін кірістірілген жарқылды қосымша жарық үшін пайдаланыңыз.
❚❚ Жарқыл режимдері Келесі жарқыл режимдері қол жетімді: • o (автоматты жарқыл): жарықтандыру нашар болса немесе нысанның артқы жағы жанып тұрған болса, ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда жарқыл автоматты түрде шығады жəне қажет кезде жанады. • n (қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты жарқыл): портреттер үшін пайдаланыңыз. Жарқыл қажет кезде шығады жəне жанады, бірақ жанбай тұрып «қызыл көз» əсерін азайту үшін қызыл көз əсерін азайту шамы жанады. • s (өшірулі): жарқыл жанбайды.
Қолмен шығару режимдері P, S, A, M жəне өздігінен түсірілетін портрет режимдерінде жарқылды қолмен көтеру керек. Көтерілмеген болса, жарқыл жанбайды. 1 Жарқылды көтеріңіз. Жарқылды көтеру үшін жарқыл шығару түймешігін басыңыз. Жарқыл шығару түймешігі 2 Жарқыл режимін таңдаңыз. Жарқыл режимдерінің тізімін көрсету үшін мульти селектордың 3 (N) түймешігін басып, содан кейін қажетті режимді мульти селектормен белгілеп, J түймешігін басып таңдаңыз. t 3 Суреттерді түсіріңіз. Жарқыл əр түсірілімде жанады.
t ❚❚ Жарқыл режимдері Келесі жарқыл режимдері қол жетімді: • N (толықтырғыш жарқыл): жарқыл əр түсірілімде жанады. • NY (қызыл көз əсерін азайту): портреттер үшін пайдаланыңыз. Жарқыл əр түсірілімде жанады, бірақ жану алдында қызыл көз əсерін азайту үшін қызыл көз əсерін азайту шамы жанады. • NYp (баяу синхрондау бар қызыл көз əсерін азайту): жоғарыда айтылған «қызыл көз əсерін азайтумен» бірдей, бірақ түнде немесе аз жарықта артқы фонның жарығын түсіру үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды.
D Жарқылды көтеру Жарқылды пайдаланғанда оның оң жақта көрсетілгендей толығымен көтерілгеніне көз жеткізіңіз. Суретке түсіру кезінде жарқылға тимеңіз. A Кірістірілген жарқылды төмен түсіру Жарқыл пайдаланылмаған кезде қуатты үнемдеу үшін оны ілмегі шертіп орнына түскенше төмен қарай ақырын басыңыз. Күш салмаңыз. Бұл сақтық шараны орындамау өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
A Кірістірілген жарқылды пайдалану Егер жарқыл жылдам тізбекте бірнеше рет жанса, жарқылды қорғау үшін жарқыл мен ысырма уақытша ажыратылуы мүмкін. Қысқа кідірістен кейін суретке түсіруді жалғастыруға болады. Фотокамераға жақын нысандар жоғары ISO сезімталдықтарында жарқылмен түсірілген фотосуреттердегі жарық көзінде артық ұсталуы мүмкін. Виньеттеуді болдырмау үшін бленданы алып, кем дегенде 0,6 м ауқымда суретке түсіріңіз.
Өздігінен түсірілетін портреттер Өздігінен түсірілетін портреттерді жақтауға алу үшін мониторды көрсетілгендей аударыңыз жəне төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Мониторды аударыңыз. Фотокамера өздігінен түсірілетін портрет режимін таңдайды.
2 Параметрлерді реттеңіз. Сенсорлы басқару тетіктерін пайдаланып келесі параметрлерді реттеуге болады: Теріні жұмсарту Өздігінен түсіруді реттейтін таймер Экспозиция түзетілімі V t E E Теріні жұмсартуды қосу немесе өшіру үшін нұқыңыз. Теріні жұмсартуды қосу фотокамера Skin softening анықтаған портрет нысандарының (ең көбі (Теріні жұмсарту) үшке дейін) сыртқы түрін жұмсартады, бірақ əсерді мониторда алдын-ала қарау мүмкін емес екенін ескеріңіз.
A Өздігінен түсірілетін портрет режимі Баптау мəзірінде Touch-screen controls (Сенсорлы экранды басқару тетіктері) үшін таңдалған параметрге қарамастан сенсорлы экранды басқару тетіктері өздігінен түсірілетін портрет режимінде əрқашан қол жетімді (0 103). Қуат ажыратқышынан жəне ысырманы босатудан, бейнефильм жазудан жəне жарқыл шығару түймешігінен басқа барлық басқа басқару тетіктері өшіріледі; қажет кезде жарқылды көтеру үшін жарқыл шығару түймешігін пайдаланыңыз.
Нұқып суретке түсіру параметрлері Суретке түсіру режимінде мониторды нұқу арқылы орындалатын əрекетті таңдау үшін оң жақта көрсетілген белгішені нұқыңыз. Қол жетімді параметрлер суретке түсіру жəне фокустау режиміне қарай əр түрлі болады. C Авто, w Шығармашыл жəне Өздігінен түсірілетін портрет режимдері Мына параметрлер ішінен таңдаңыз. 3 t 4 7 Дисплейдегі нысанды нұқығанда фотокамера фокустайды жəне суретті түсіреді.
P, S, A жəне M режимдері Дисплейді нұқығанда орындалатын əрекет фотокамераның автофокус немесе қолмен реттелетін фокус режимінде болуына байланысты болады. ❚❚ Автофокус режимдері Автофокус режимдерінде (AF-A, AF-S жəне AF-C) төмендегі параметрлер қол жетімді. 3 4 6 7 Дисплейдегі нысанды нұқығанда фотокамера фокустайды жəне суретті түсіреді. АФ аумағының режимі үшін жалғыз нүктелі АФ таңдалған кезде фокустау аумағын орналастыру үшін дисплейді нұқыңыз (0 102).
v Кеңейтілген бейнефильм режимі Дисплейді нұқығанда орындалатын əрекет фотокамераның автофокус немесе қолмен реттелетін фокус режимінде болуына байланысты болады. ❚❚ Автофокус режимдері Автофокус режимдерінде (AF-F жəне AF-S) төмендегі параметрлер қол жетімді. 8 6 9 t АФ аумағының режимі үшін АФ аумағын автоматты түрде таңдау немесе жалғыз нүктелі АФ таңдалған кезде (0 102) фокустау үшін дисплейде нысанды нұқыңыз.
TWi-Fi Wi-Fi сіз үшін не істей алады Фотокамера Wi-Fi сымсыз желілері арқылы Nikon компаниясының арнайы Wireless Mobile Utility қолданбасы орнатылған смарт құрылғыға (смартфон немесе планшет) қосыла алады (0 93). Суреттерді жүктеу Қашықтан басқару пульті A Wireless Mobile Utility қолданбасын орнату 1 Қолданбаны табыңыз. Смарт құрылғыда Google Play қызметіне, App Store сайтына немесе басқа қолданбалар дүкеніне қосылып, «Wireless Mobile Utility» қолданбасын іздеңіз.
Сымсыз қауіпсіздік Əдепкі параметрлерде сымсыз қауіпсіздік қосылмайды. Қосылу алдында фотокамерада сымсыз қауіпсіздікті қосыңыз. ❚❚ Сымсыз қауіпсіздікті қосу Сымсыз қауіпсіздікті қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Wi-Fi connection type (Wi-Fi қосылымының түрі) тармағын таңдаңыз. Wi-Fi мəзірінде Wi-Fi connection type (Wi-Fi қосылымының түрі) тармағын таңдаңыз. 2 Шифрлауды қосыңыз. T 90 Шифрлау параметрлерін көрсету үшін Authentication/encryption (Аутентификация/шифрлау) тармағын таңдаңыз.
❚❚ Құпия сөзді өзгерту Құпия сөзді төменде сипатталғандай өзгертуге болады. Құпия сөзді Wi-Fi мəзірінде Authentication/encryption (Аутентификация/шифрлау) үшін WPA2-PSK-AES таңдалған кезде ғана өзгертуге болады. 1 Wi-Fi connection type (Wi-Fi қосылымының түрі) > Password (Құпия сөз) тармағын таңдаңыз. Wi-Fi мəзірінде Wi-Fi connection type (Wi-Fi қосылымының түрі) параметрін таңдаңыз, содан кейін Password (Құпия сөз) параметрін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. 2 Құпия сөзді енгізіңіз.
D Қауіпсіздік Сымсыз желіні қолдайтын құрылғының артықшылықтарының біреуі оның басқаларға өз ауқымында кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін: • Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерді жəне басқа жеке ақпаратты ұрлау үшін сымсыз тасымалдауларды ұстап қалуы мүмкін.
Wi-Fi арқылы қосылу Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) арқылы қосылу алдында үйлесімді Android немесе iOS смарт құрылғысында Wireless Mobile Utility қолданбасын орнатыңыз. Android жəне iOS: SSID арқылы қосылу Қосылу алдында смарт құрылғыда Wi-Fi функциясын қосыңыз. Мəліметтерді смарт құрылғымен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. 1 F (Wi-Fi) түймешігін басыңыз.
Android: NFC арқылы қосылу Егер смарт құрылғы NFC (Near Field Communication) функциясын қолдаса, Wi-Fi қосылымын жай фотокамераның H (N-Mark) логотипін смарт құрылғының NFC антеннасына тигізу арқылы орнатуға болады. Қосылу алдында смарт құрылғыда NFC жəне Wi-Fi функцияларын смарт құрылғымен бірге қамтамасыз етілген құжаттамада сипатталғандай қосыңыз.
A NFC NFC (Near Field Communication) — қысқа ауқымды сымсыз байланыс технологиясының халықаралық стандарты. A Қосылым жоқ Жоғарыда сипатталғандай NFC функциясын пайдаланып қосылым орната алмасаңыз, фотокамераның SSID идентификаторын қолмен таңдау арқылы қосылыңыз (0 93). D Wi-Fi Wi-Fi функциясын пайдаланбай тұрып xvi–xvii беттеріндегі ескертулерді оқып шығыңыз; қосылып тұрғанда қуаттың үзілуін болдырмау үшін сонымен бірге фотокамераның батареясын зарядтау керек.
Фотосуреттерді смарт құрылғыға кері жүктеу Фотокамерадағы суреттерді смарт құрылғыға кері жүктеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Бейнефильмдерді кері жүктеу үшін таңдау мүмкін емес. Фотосуреттерді бір-бірлеп кері жүктеу Қазіргі уақытта толық өлшемде көрсетілген фотосуретті кері жүктеу үшін F (Wi-Fi) түймешігін пайдаланыңыз. 1 Фотосуретті фотокамерадан көрсетіңіз. Қалаған суретіңізді толық өлшемде қарау режимінде көрсетіңіз. 2 F (Wi-Fi) түймешігін басыңыз.
Бірнеше таңдалған фотосуретті кері жүктеу Бірнеше таңдалған фотосуретті кері жүктеу үшін Wi-Fi мəзіріндегі Upload from camera (Фотокамерадан кері жүктеу) параметрін пайдаланыңыз. 1 Upload from camera (Фотокамерадан кері жүктеу) пəрменін таңдаңыз. Мəзірлерді көрсету үшін G түймешігін басыңыз. Wi-Fi мəзірінде Upload from camera (Фотокамерадан кері жүктеу) пəрменін таңдап, 2 түймешігін басыңыз. G түймешігі T 2 Фотосуреттерді таңдаңыз.
4 Фотокамераның SSID идентификаторын таңдаңыз. Смарт құрылғыда Settings (Параметрлер) > Wi-Fi тармағын таңдаңыз жəне Wi-Fi арқылы қосылу үшін фотокамераның SSID идентификаторын таңдаңыз. Егер құпия сөз параметрлерін өзгертуден бері бірінші рет қосылуыңыз болса (0 91), сұралғанда жаңа құпия сөзді енгізіңіз. 5 Фотосуреттерді смарт құрылғыға жүктеңіз. Смарт құрылғыда Wireless Mobile Utility бағдарламасын іске қосып, таңдалған фотосуреттерді жүктеу үшін 99-беттегі нұсқауларды орындаңыз.
Таңдалған суреттерді смарт құрылғыға жүктеу Таңдалған суреттерді смарт құрылғыға жүктеу үшін фотокамерамен Wi-Fi қосылымын орнатыңыз (0 93, 94) жəне Wireless Mobile Utility бағдарламасында View photos (Фотосуреттерді көру) пəрменін таңдаңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; фотокамерамен таңдалған суреттерді жүктеу үшін OK пəрменін таңдаңыз.
UМəзір параметрлері Ойнату, суретке түсіру, баптау жəне Wi-Fi мəзірлерін көрсету үшін G түймешігін басыңыз. Келесі мəзір параметрлері қол жетімді: G түймешігі ❚❚ Ойнату мəзірінің параметрлері Параметр Delete (Өшіру) U 100 Сипаттамасы Бірнеше кескінді өшіру. Бейнефильмдерді жəне слайд көрсетіліміндегі Slide show (Слайд көрсетілімі) фотосуреттерді қараңыз. Қарау кезінде көрсету үшін «тік» (портреттік Rotate tall (Тік суреттерді бұру) бағыт) суреттерді бұру.
❚❚ Cуретке түсіру мəзірінің параметрлері Параметр Reset shooting options (Суретке түсіру параметрлерін қалпына келтіру) Creative (Шығармашыл) Best moment capture (Ең жақсы сəтті түсіру) Advanced movie (Кеңейтілген бейнефильм) Сипаттамасы Суретке түсіру параметрлерін əдепкі мəндеріне қалпына келтіру. Шығармашыл режимді таңдаңыз. Active Selection (Қосылған таңдау), Slow view (Баяу көрініс) жəне Smart Photo Selector ішінен таңдаңыз. Жақсартылған бейнефильм режимі үшін бейнефильм түрін таңдаңыз.
Параметр Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Сипаттамасы Фотосуреттерді алдын ала таңдалған аралықпен түсіріңіз. Үйлесімді 1 NIKKOR объективтерінде оптикалық дірілді азайтуды пайдалану-пайдаланбауды таңдаңыз. Motion Snapshot лездік суреттерінде немесе бейнефильмдерде электрондық дірілді азайтуды Electronic VR (movies) пайдалану-пайдаланбауды таңдаңыз.
Параметр Self-portrait mode (Өздігінен түсірілетін портрет режимі) Touch-screen controls (Сенсорлы экранды басқару элементтері) Assign Fn button (Fn түймешігін тағайындау) Shutter button AE lock (Ысырма түймешігінің АЭ құлпы) Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) Reset file numbering (Файлдарды нөмірлеуді қалпына келтіру) Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күн) Language (Тіл) Auto image rotation (Кескінді автоматты түрде бұру) Pixel mapping (Нүктелерді белгілеу) Firmware version (Бағдарлама жасақтамас
QКомпьютерге қосылу Суреттерді компьютерге көшіру Суреттерді ViewNX-i бағдарламасын пайдаланып компьютерге көшіруге болады. ViewNX-i бағдарламасын орнату Суреттерді кері жүктеу жəне көру үшін ViewNX-i орнатқышының соңғы нұсқасын келесі веб-сайттан жүктеңіз жəне орнатуды орындау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Интернет қосылымы қажет. Жүйелік талаптарды жəне басқа ақпаратты аймағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз (0 xv). http://nikonimglib.
Суреттерді компьютерге көшіру Жалғастыру алдында ViewNX-i бағдарламасын орнатқаныңызға көз жеткізіңіз (0 104). 1 USB кабельді жалғаңыз. Фотокамераны өшіруден жəне жад картасы салынғанына көз жеткізуден кейін жинақтағы USB кабелін көрсетілгендей жалғаңыз, содан кейін фотокамераны қосыңыз. A Сенімді қуат көзін пайдалану Деректерді тасымалдаудың үзілуін болдырмау үшін фотокамера батареясының толығымен зарядталғанына көз жеткізіңіз.
2 ViewNX-i бағдарламасының Nikon Transfer 2 құрамдасын іске қосыңыз. Бағдарламаны таңдауды сұрайтын хабар көрсетілсе, Nikon Transfer 2 бағдарламасын таңдаңыз. A Windows 7 Егер мына тілқатысу терезесі көрсетілсе, төменде сипатталғандай Nikon Transfer 2 бағдарламасын таңдаңыз. 1 Import pictures and videos (Суреттерді жəне бейнелерді импорттау) тармағында Change program (Бағдарламаны өзгерту) сілтемесін басыңыз.
3 Start Transfer (Тасымалдауды бастау) түймешігін басыңыз. Əдепкі параметрлерде жад картасындағы суреттер компьютерге көшіріледі. Start Transfer (Тасымалдауды бастау) 4 Қосылымды аяқтаңыз. Тасымалдау аяқталғанда фотокамераны өшіріңіз жəне USB кабельді ажыратыңыз. A Қосымша ақпарат алу үшін ViewNX-i бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін желідегі анықтаманы қараңыз.
nТехникалық жазбалар Үйлесімді керек-жарақтар, фотокамераны тазалау мен сақтау жəне фотокамераны пайдаланған кезде қате туралы хабар көрінсе немесе мəселелерге кезіксеңіз не істеу қажеттігі туралы ақпарат алу үшін осы тарауды оқыңыз. Қосымша керек-жарақтар Жазылу уақытында мына керек-жарақтар фотокамера үшін қол жетімді болған. Объективтер Орнату адаптерлері 1 бекіткіш объективтері FT1 орнату адаптері Ескертпе: кейбір телефото объективтерді пайдалану мүмкін емес.
Рұқсат етілген жад карталары Мына карталар сынақтан өткен жəне фотокамерада пайдалануға рұқсат етілген. 6 сыныбындағы немесе жазу жылдамдықтары тезірек карталарды бейнефильмдерді жазу үшін пайдаланған жөн. Жазу жылдамдықтары баяуырақ карталар пайдаланылған кезде жазу күтпеген жерде тоқтап қалуы мүмкін.
Сақтау жəне тазалау Сақтау Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағын жауып, салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, əрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераға жəне батареяға күтім жасау: сақтық шаралары Құлатып алмаңыз: қатты соққы немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Объектив жиектемесін жабық сақтаңыз: фотокамерада объектив болмаса, корпус қақпағын бекітіңіз. Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде шаң мен ұлпаны ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін құм немесе тұз түйіршіктерін таза сумен ылғалданған шүберекпен ақырын сүртіп, толық кептіріңіз. Объективтер оңай зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны ақырын ғана ауа үргішпен кетіру қажет. Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік күйде ұстаңыз.
Объективті күнге бағытталған күйде қалдырмаңыз: объективті ұзақ уақыт бойы күнге немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсоры жұмысының нашарлауына əкелуі немесе фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату əсерін тудыруы мүмкін. • Батареяны ауыстырмас бұрын өнімді өшіріңіз. • Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температурасында пайдаланбаңыз; бұл сақтық шарасы орындалмаса, батарея зақымдалуы немесе оның өнімділігі төмендеуі мүмкін.
n 114 • Пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы көтерілуі мүмкін. Ішкі температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау əрекеті оның тиімділігін төмендетеді жəне батарея зарядталмауы немесе тек жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтамас бұрын батареяның салқындауын күтіңіз. • Толық зарядталғаннан кейін батареяны зарядтауды жалғастыра беру батарея тиімділігін нашарлатуы мүмкін.
• Имеңіз, түсіріп алмаңыз немесе қатты соққылардың əсерін тигізбеңіз. • Карта қабына күш қолданбаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау картаны зақымдауы мүмкін. • Судың, ыстықтың, жоғары ылғалдылық деңгейлерінің немесе тік күн сəулелерінің əсерін тигізбеңіз. • Жад карталарын компьютерге салып пішімдемеңіз. D Фотокамераға жəне керек-жарақтарға қызмет көрсету Фотокамера дəлдікпен істейтін құрылғы болып табылады жəне жүйелі техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді.
Ақауларды жою Егер фотокамера күтілгендей істемесе, сатып алған жерге немесе Nikon өкіліне хабарласпас бұрын төменде берілген жиі кездесетін ақаулардың тізімін қараңыз. Батарея/дисплей n Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазу немесе кез келген басқа өңдеу аяқталғанша күтіңіз. Ақаулық қайталанса, фотокамераны өшіріңіз.
Үздіксіз суретке түсіру режимінде ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір сурет түсіріледі: үздіксіз режимде I таңдалған (0 73) жəне кірістірілген жарқыл көтерілген. Фотосуреттерде дақтар пайда болады: алдыңғы жəне артқы объектив элементтерін немесе шаңға қарсы қалқанды тазалаңыз (0 110). Бейнефильмдерде немесе дисплейде жыпылықтау немесе жолақтар пайда болады: жергілікті айнымалы ток қуат көзіне сəйкес Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) параметрін таңдаңыз (0 103).
Қарау «Тік» (портреттік) бағыттағы фотосуреттер «кең» (пейзаждық) бағытта көрсетіледі: • Rotate tall (Тік суреттерді бұру) үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (0 100). • Фотосуреттер Auto image rotation (Кескінді автоматты түрде бұру) параметрін өшіріп түсірілген (0 103). • Фотосурет түсірілген кезде фотокамера жоғары немесе төмен бағытталған. • Фотосурет кескінді тексере қарау режимінде көрсетілген. Бейнефильм дыбысы естілмейді: • Дыбыс деңгейін көтеру үшін басқару дискін бұраңыз (0 36).
Қате туралы хабарлар Бұл бөлімде дисплейде пайда болатын қате туралы хабарлардың тізімі беріледі. Хабар Шешімі Нысан тым жарық болса, ISO сезімталдықты төмендетіңіз немесе жылдамырақ ысырма жылдамдығын немесе кішірек апертураны (жоғарырақ f (Ысырма жылдамдығы санын) таңдаңыз. немесе апертура дисплейі Нысан тым күңгірт болса, ISO жыпылықтайды) сезімталдықты көтеріңіз, жарқылды пайдаланыңыз немесе ысырманың баяуырақ жылдамдығын немесе үлкенірек апертураны (төменірек f санын) таңдаңыз.
n 120 Хабар Шешімі This memory card is not formatted. Format the memory Картаны пішімдеу үшін Yes (Иə) жауабын card? (Бұл жад картасы таңдаңыз немесе фотокамераны өшіріп, пішімделмеген. Жад басқа жад картасын салыңыз. картасын пішімдеу керек пе?) • Кескін сапасы немесе өлшемі азайтылса, қосымша кескіндерді жазуға Memory card is full. болады. (Жад картасы толы.) • Қажет емес кескіндерді өшіріңіз. • Басқа жад картасын салыңыз.
Техникалық сипаттамалары Nikon 1 J5 сандық фотокамерасы Түрі Түрі Объектив жиектемесі Тиімді көрініс бұрышы Өзара ауыспалы объективтерді қолдайтын сандық фотокамера Nikon 1 бекіткіші Шамамен 2,7× объективтің фокустық қашықтығы (35 мм пішімге тең) Тиімді нүктелер саны 20,8 миллион Кескін сенсоры Кескін сенсоры Жалпы нүктелер саны 13,2 мм × 8,8 мм CMOS сенсоры (Nikon CX пішімі) 23,01 миллион Сақтау Кескін өлшемі (нүкте) Автоматты, P, S, A, M, спорт, ең жақсы сəтті түсіру жəне оңай панорамадан басқа бар
Сақтау Файл пішімі Picture Control жүйесі Медиа Файлдық жүйе Суретке түсіру режимдері n Ысырма Түрі Жылдамдық Жарқылды синхрондау жылдамдығы 122 • NEF (RAW): 12 бит, сығымдалған • JPEG: JPEG-Baseline, жоғары сапалы (шамамен 1 : 4), қалыпты (шамамен 1 : 8) сығымдалуы бар • NEF (RAW) + JPEG: NEF (RAW) жəне JPEG пішімдерінің екеуінде де жазылған бір фотосурет Стандартты, бейтарап, жанды, монохромды, портрет, пейзаж; таңдалған Picture Control режимін өзгертуге болады microSD (micro Secure Digital), microS
Босату Режим Кадрдың ілгеру жылжу жиілігі Өздігінен түсіруді реттейтін таймер Экспозиция Өлшеу Өлшеу əдісі Режим Экспозиция түзетілімі Экспозиция құлпы • Əр кадр бойынша, үздіксіз суретке түсіру • Өздігінен түсіруді реттейтін таймер • Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру Шамамен 5, 10, 20, 30 немесе 60 кадр/сек 2 с, 10 с Кескін сенсорын пайдаланып TTL өлшеу • Матрицалық • Ортасы бойынша өлшенген: кадрдың ортасында 4,5 мм шеңберді өлшейді • Нүктелі: таңдалған фокустау аумағының ортасынан 2 мм шеңберд
Фокус Автофокус Гибридті автофокус (фазалар ретін анықтау/ контрастты анықтау мүмкіндігі бар АФ); АФ қосымша шамы Объективтің электр • Автофокус (АФ): əр кадр бойынша АФ (AF-S); жетегі үздіксіз АФ (AF-C); AF-S/AF-C автоматты таңдау (AF-A); тұрақты АФ (AF-F) • Қолмен реттелетін фокус (MF) АФ аумағының Жалғыз нүктелі, аумақты автоматты түрде режимі таңдау, нысанды бақылау Фокустау аумағы • Жалғыз нүктелі АФ: 171 фокустау аумағы; ортадағы 105 аумақ фазалар ретін анықтайтын АФ қолдау көрсетеді • АФ аумағын авт
Бейнефильм Өлшеу Өлшеу əдісі Кескін сенсорын пайдаланып TTL өлшеу • Матрицалық • Ортасы бойынша өлшенген: кадрдың ортасында 4,5 мм шеңберді өлшейді • Нүктелі: таңдалған фокустау аумағының ортасынан 2 мм шеңберді өлшейді Кадр өлшемі HD бейнефильмдер (арақатынас 16 : 9) (нүктелер)/жазу • 1920 × 1080/60p (59,94 кадр/сек) жылдамдығы • 1920 × 1080/30p (29,97 кадр/сек) • 1280 × 720/60p (59,94 кадр/сек) • 1280 × 720/30p (29,97 кадр/сек) 4K бейнефильмдер (арақатынас 16 : 9) 3840 × 2160/15p (14,99 кадр/сек) Баяу қо
Қарау Интерфейс USB HDMI шығысы Сымсыз желілер Стандарттар Жұмыс жиілігі Ауқым (көру сызығы) Деректер жылдамдығы Аутентификация Қатынасу протоколдары NFC Пайдалану Қолдауға ие тілдер n 126 Ойнатуды масштабтау бар толық өлшемде жəне сурет нобайын (4, 9 немесе 16 кескін немесе күнтізбе) қарау, қатарлар негізгі кадрлар немесе тізбекті суреттер ретінде көрсетіледі, бейнефильмді жəне панораманы қарау, слайд көрсетілімі, гистограмманы көрсету жəне кескінді автоматты түрде бұру Жоғары жылдамдықты USB D HDMI т
Өлшемдері/салмағы Өлшемдері Шамамен 98,3 × 59,7 × 31,5 мм, шығыңқы (Е × Б × Д) жерлерді қоспағанда Салмағы Батарея мен жад картасын қосқанда, бірақ корпус қақпағын қоспағанда шамамен 265 г; шамамен 231 г, тек фотокамера корпусы Жұмыс ортасы Температура Ылғалдылық 0 °C–40 °C 85 % немесе төмен (конденсатсыз) • Басқалай мəлімделген болмаса, барлық өлшеулер Camera and Imaging Products Association (Фотокамераларды жəне суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) нұсқауларына сай орындалған.
1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM Түрі 1 бекіткіші бар объектив Фокустық 10–30 мм қашықтық Максималды f/3.5–5.
1 NIKKOR VR 10–100 мм f/4–5.6 Түрі 1 бекіткіші бар объектив Фокустық 10–100 мм қашықтық Максималды f/4–5.
A Сауда белгілеріне қатысты ақпарат IOS — Cisco Systems, Inc. компаниясының Құрама Штаттардағы жəне/ немесе басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі жəне лицензия бойынша пайдаланылады. Windows — Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. PictBridge логотипі сауда белгісі болып табылады. microSD, microSDHC жəне microSDXC логотиптері SD-3C, LLC сауда белгілері болып табылады.
A Сертификаттар A FreeType лицензиясы (FreeType2) Осы бағдарламалық жасақтама бөліктерінің авторлық құқығы © 2012 The FreeType Project (http://www.freetype.org). Барлық құқықтар қорғалған. A MIT лицензиясы (HarfBuzz) Осы бағдарламалық жасақтама бөліктерінің авторлық құқығы © 2015 The HarfBuzz Project (http://www.freedesktop.org/wiki/Software/HarfBuzz). Барлық құқықтар қорғалған.
Батареяның жарамды мерзімі Толық зарядталған батареялармен түсіруге болатын түсірілімдердің немесе бейнефильмдердің түсірілген бөліктерінің саны батареяның күйіне, температураға, түсірілімдер арасындағы аралыққа жəне мəзірлер көрсетілетін уақыт ұзақтығына қарай əр түрлі болады. EN-EL24 (850 мАс) батареялары үшін сандардың үлгілері төменде берілген.
Тақырыптық көрсеткіш Таңбалар C (Автоматты режим) ............... 6, 25 v (Кеңейтілген бейнефильм режимі) ...................................... 7, 38 w (Шығармашыл режим) ........ 6, 41 P (Бағдарламаланған автоматты режим) ........................................... 49 S (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим) ................. 50 A (Апертура басымдығы бар автоматты режим) ........................ 51 M (Қол режимі) ............................... 52 a (Спорт режимі) .......................
MOV ........................................ 68, 125 Movie before/after (Бейнефильмге дейін/кейін) ................................... 67 N NFC .......................................... 94, 98 Nikon Transfer 2 ........................... 106 N-Mark ........................................ 2, 94 NMS ................................................ 68 P Pop (Поп) ....................................... 42 S Skin softening (Теріні жұмсарту) ... 43 Smart Photo Selector ...................... 61 SSID .......
К Кеңейтілген бейнефильм режимі .. 7, 38 Керек-жарақтар ............................ 108 Кірістірілген жарқыл ...................... 77 Корпус қақпағы ..................... 1, 2, 108 Көріністі автоматты түрде таңдау 30 Көріністі таңдау .............................. 42 Күн жəне уақыт .............................. 23 Күн пішімі ........................................ 23 Қ Қанығуы (ойыншық фотокамера əсері) ............................................. 43 Қарау .............................................
Ф Файл пішімі .................................... 68 Фокустау аумағы ........................... 26 Фокустық жазықтық таңбасы .......... 2 Фотокамерадан кері жүктеу .......... 97 Ш Шаңға қарсы қалқан ........ 2, 110, 111 Шығармашыл режим ................. 6, 41 Шығармашылық палитра .............. 72 Ы Ысырма жылдамдығы ............ 50, 52 Ысырманы босату түймешігі . 26, 30, 56, 60, 62, 66 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз ................ 26, 30 Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз .
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мəліметтерді мына беттен қараңыз: http://www.europe-nikon.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: • қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу немесе ауыстыру. • пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. • тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сəйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да əсер етпейді. Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = http://www.europe-nikon.com/service/).
E L P Nikon 1 J5 M SA САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы (кепілдік бар) Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды.