Қолданушы нұсқаулығы
46
R
Фотокамераны панорамалау мысалы төменде көрсетілген.
Қалыпты өзгертпестен, фотокамераны тұрақты қисық
сызықпен көлденеңінен немесе тігінен панорамалаңыз.
Панорамалау уақытын суретке түсіру мəзірінде Image size
(Кескін өлшемі) үшін таңдалған параметрге сай орнатыңыз:
панорамалауды аяқтау үшін A Normal panorama (Қалыпты
панорама) параметрі таңдалған кезде шамамен 15 секунд,
B Wide panorama (Кең панорама) параметрі таңдалған
кезде шамамен 30 секунд қажет.
A
Панорамалар
Бұрмалануы жоғары кең бұрышты объективтер қажет нəтижелерді
бермеуі мүмкін. Фотокамера тым тез немесе тұрақсыз панорамаланса,
қате туралы хабар көрсетіледі. Панорамалар бірнеше кескіннен
тұратындықтан, қозғалатын нысандарда немесе неон шамдарда, я
болмаса түсі немесе жарықтығы жылдам өзгеретін басқа нысандарда,
фотокамераға тым жақын нысандарда, нашар жарықтандырылған
нысандарда жəне біркелкі түсі бар немесе қарапайым қайталанатын
үлг
ілерді қамт
итын аспан немесе теңіз сияқты нысандарда кескіндер
арасында жіктер көрінуі жəне қажет нəтижелерге қол жетпеуі мүмкін
екенін ескеріңіз.
Аяқталған панорама суретке түсіру кезінде дисплейде көрінетін
аумақтан аздап кішірек болады. Суретке түсіру жарым нүктеге дейін
аяқталса, панорама жазылмайды; суретке түсіру жарым нүктеден
кейін, бірақ панорама аяқталмай тұрып аяқталса, жазылмаған бөлік сұр
түспен кө
рсетіледі.