Анықтамалық нұсқаулық
82
R
Фотокамераға сəтті таңдауға
мүмкіндік беру (Smart Photo Selector)
Smart Photo Selector режимі портрет нысанының бетіндегі лезде
өзгеретін көріністі түсіруге немесе топтық фотосуреттер сияқты,
уақытын белгілеуі қиын түсірілімдер жасау үшін көмектеседі.
Ысырма босатылған сайын фотокамера ең жақсы суретті жəне
кадр жиектемесі мен қозғалысқа қарай ең жақсы сурет деп
аталуға лайықты төрт суретті автоматты түрде таңдайды.
1 u режимін таңдаңыз.
2 Smart Photo Selector параметрін таңдаңыз.
Режимді таңдау дискін u (ең жақсы
сəтті түсіру) режиміне бұраңыз.
& мəзірін көрсету үшін & (мүмкіндік)
түймешігін басыңыз. Best moment
capture (Ең жақсы сəтті түсіру)
параметрін белгілеп, J түймешігін
басып, содан кейін Smart Photo
Selector параметрін белгілеп, J
түймешігін басыңыз.