Анықтамалық нұсқаулық
84
R
A Smart Photo Selector
Фотокамера нысанға сəйкес көрініс режимін автоматты түрде
таңдайды.
A Буферлеу
Буферлеу ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
басталады жəне шамамен 90 секундтан кейін немесе ысырманы босату
түймешігі соңына дейін басылған кезде аяқталады.
D Smart Photo Selector файлдары
Жад картасында «NCFL» қалтасындағы «NCSPSLST.LST» файлын
өшірмеңіз немесе Smart Photo Selector мүмкіндігімен түсірілген
кескіндердің файл атауларын өзгертпеңіз. Фотокамера тиісті
файлдарды Smart Photo Selector кескіндері ретінде анықтай алмай,
оларды тəуелсіз фотосуреттер деп есептейді.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Smart Photo Selector таңдайтын түсірілімдер санын таңдау үшін суретке
түсіру мəзіріндегі Number of shots saved (Сақталған түсірілімдер
саны) параметрін пайдаланыңыз (0 175).
Фокустау үшін
жартылай басылған
ысырманы босату
түймешігі
Соңына дейін
басылған ысырманы
босату түймешігі
Суретке
түсіру
аяқталады
Буферлеу