Анықтамалық нұсқаулық

91
R
Motion Snapshot лездік суреттерін қарау
Motion Snapshot лездік суреттерін өшіру
Ағымдағы Motion Snapshot лездік суретін
өшіру үшін O түймешігін басыңыз. Растау
тілқатысу терезесі көрсетіледі;
фотосуретті өшіріп, қарауға оралу үшін O
түймешігін қайта басыңыз немесе
файлды өшірмей шығу үшін K
түймешігін басыңыз. Өшірілгеннен кейін
Motion Snapshot лездік суреттерін
қалпына келтіру мүмкін емес екенін
ескеріңіз.
Motion Snapshot лездік суретін көрсету
үшін K түймешігін басып, мульти
селекторды пайдаланыңыз (0
41; Motion
Snapshot лездік суреттері z
белгішесімен көрсетіледі). Motion
Snapshot көрсетілген кезде J түймешігі
басылса, соңында фотосурет көрсетіліп,
шамамен 4 секунд бойы баяу қозғалысты
бейнефильм бөлігі ойнатылады;
ойнатудың барысында Audio (Дыбыс)
көмегімен таңдалған дыбыс ойнатылады
(0 90). Қарауды тоқтатып, суретке түсіру
режиміне оралу үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
K түймешігі
O түймешігі