Анықтамалық нұсқаулық
93
t
4 Нысанды жақтауға алып, түсіріңіз.
Қатарынан түсіру режимі арқылы
түсіру үшін ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басыңыз.
D Үздіксіз суретке түсіру режимі
Механикалық ысырма I таңдалған жəне баптау мəзірінде Silent
photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін Off (Өшірулі) күйі
таңдалған кезде түсірілген суреттер үшін пайдаланылады (0 212).
Электрондық ысырма басқа параметрлерді түсірілген суреттер үшін
пайдаланылады. I таңдалған кезде кірістірілген жарқыл немесе
қосымша жарқыл бөлігі жанады, бірақ тек бір сурет түсіріледі; 10, 20, 30
жəне 60 кадр
/сек параметрлерінде кірістірілген жарқыл жəне қосымша
жарқыл бөліктері жанбайды.
Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына
қатынасу шамы жанады. Суретке түсіру жағдайларына жəне жад
картасының жазу жылдамдығына қарай жазу біраз уақыт алуы мүмкін.
Егер барлық фотосуреттер жазылғанша батарея қуаты таусылса,
ысырманы босату ажыратылады жəне қалған кескіндер жад картасына
тасымалданады.
Үздіксіз суретке түсіру шығармашыл, ең жақсы сəтті түсіру, кеңейтілген
бейнефильм немесе Motion Snapshot режимінде немесе тікелей кескінді
басқару автоматты режимде пайдаланылған кезде қол жетімді емес
(0 47).
A Буфер өлшемі
Фотокамера фотосуреттер жад картасына
сақталып жатқанда сурет түсіруді жалғастыра
беруге мүмкіндік беретін уақытша сақтауға
арналған жад буферімен жабдықталған.
Ағымдағы баптауларда жад буферінде
сақтауға болатын кескіндердің шамамен
берілген саны, ысырманы босату түймешігі
жартылай басылған кезде көрсетіледі (бұл
сан тек шамамен берілген жəне суретке түсіру жағдайларына қарай
өзгеріп отырады). Суретте буферде
шамамен 40 сурет үшін бос орын
қалған кездегі дисплей көрсетілген.
A Əр кадр бойынша
Ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір сурет түсіру үшін
4 (C) түймешігін басыңыз жəне 8 (əр кадр бойынша) суретке түсіру
режимін таңдаңыз.