Анықтамалық нұсқаулық
95
t
5 Фотосуретті жақтауға алып, түсіріңіз.
Фотокамера фокустай алмағанда немесе ысырманы босату
мүмкін болмаған басқа жағдайларда таймер іске қосылмауы
немесе фотосурет түсірілмеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Фотокамераны өшіру өздігінен түсіруді реттейтін таймерді
болдырмайды.
Фокустау үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз, содан
кейін оны соңына дейін басыңыз.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер
шамы жыпылықтай бастайды жəне
дыбыстық сигнал ойнай бастайды.
Фотосурет түсіруден екі секунд
бұрын шам жыпылықтауды
тоқтатады жəне дыбыстық сигнал
жиілейді.
A Бейнефильм режимі
Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді пайдаланып бейнефильм жазу
үшін кеңейтілген бейнефильм режимін таңдап, таймерді іске қосу үшін
бейнефильмді жазу түймешігін пайдаланыңыз. Бейнефильмді жазу
бейнефильмді жазу түймешігі екінші рет басылғанда аяқталады.
A Жарқылды көтеру
Кірістірілген жарқылды пайдаланғанда суретке түсіру алдында
жарқылды көтеру үшін жарқыл шығару түймешігін басыңыз. Егер
таймер кері санап жатқан кезде жарқыл көтерілсе, суретке түсіру
үзіледі.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер пайдаланылған кезде ойнайтын
дыбыстық сигналдарды басқару туралы ақпарат алу үшін 212-бетті
қараңыз.