Анықтамалық нұсқаулық
98
t
A Бейнефильм режимі
ML-L3 ысырманы босату түймешігі кеңейтілген бейнефильм режимі
үшін бейнефильмді жазу түймешігі ретінде қызмет етеді (0 59).
A Жарқылды пайдалану
Кірістірілген жарқылды пайдаланғанда суретке түсіру алдында
жарқылды көтеру үшін жарқыл шығару түймешігін басыңыз.
Кешіктірілген қашықтағы таймер кері санап жатқанда жарқыл көтерілсе,
суретке түсіру үзіледі.
Қашықтан басқару пульті режимінде фотокамера қашықтан басқару
пультінен сигналды күтіп жатқанда жарқыл зарядтала бастайды.
Фотокамера қашықтан басқару пультіндегі ысырманы босату
түймешігіне жарқыл зарядталған болса ғана
реакция көрсетеді. #
параметрі таңдалған кезде қызыл көз əсерін азайту (0 106)
пайдаланылса, ысырма қызыл көз əсерін азайту шамы жанғаннан
шамамен бір секундтан кейін босатылады. Егер " параметрі
таңдалған болса, қашықтан басқару пультіндегі ысырманы босату
түймешігін басқаннан кейін шамамен екі секундтық кешігу болады;
содан кейін ысырма босатылмай тұрып қызыл көз əсерін азайту
шамы
шамамен бір секунд бойы жанады.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Фотокамера қашықтан басқару пультінен сигналды қанша уақыт бойы
күтетінін таңдау туралы ақпаратты 213-беттен қараңыз.