Анықтамалық нұсқаулық
103
t
4 Фокустаңыз.
Мульти селекторды нысан фокусқа
келгенше бұраңыз. Фокустау
қашықтығын арттыру үшін мульти
селекторды сағат тілі бағытында, ал
азайту үшін оған қарсы бағытта
бұраңыз; мульти селекторды
неғұрлым жылдамырақ бұрасаңыз,
фокустау қашықтығы соғұрлым
тезірек өзгереді. Фокустау
индикаторы фокустау қашықтығын
шамамен көрсетеді. Нысан фокусқа
келгенде J түймешігін басыңыз.
Қазіргі уақытта дисплейде көрінбейтін
кадр аумақтарын
қарау үшін 1, 3, 4
немесе 2 түймешігін басыңыз;
көрінетін бөлік шарлау терезесінде
көрсетіледі.
Фокустау индикаторы
Шарлау терезесі
A Бейнефильмдер
Бейнефильмді жазу алдында қолмен реттелетін фокус таңдалған
болса, мульти селекторды фокустау қашықтығын таңдау үшін де
пайдалануға болады. Фокустау қашықтығын арттыру үшін мульти
селекторды сағат тілі бағытында, ал азайту үшін оған қарсы бағытта
бұраңыз; мульти селекторды неғұрлым жылдамырақ бұрасаңыз,
фокустау қашықтығы соғұрлым тезірек өзгереді.
A Фокустық жазықтық күйі
Нысан мен фотокамера арасындағы
қашықтықты анықтау үшін фотокамера
корпусындағы фокустық жазықтық
таңбасынан өлшеңіз. Объективті бекіту
жиектемесінің фланеці мен фокустық
жазықтық арасындағы қашықтық шамамен
17 мм.
Фокустық жазықтық
таңбасы
Шамамен
17 мм