Анықтамалық нұсқаулық
105
t
Нысан нашар жарықтандырылған кезде немесе артқы жағы
жарықтандырылған нысандарды «қосымша жарықтандыру»
(жарықтандыру) үшін кірістірілген жарқылды қосымша жарық
үшін пайдаланыңыз. Кірістірілген жарқылды төменде
сипатталғандай пайдалануға болады, бірақ кейбір фотокамера
параметрлері кірістірілген жарқылды автоматты түрде
ажырататынын ескеріңіз:
1 Жарқылды көтеріңіз.
2 Жарқыл режимін таңдаңыз.
3 Суреттерді түсіріңіз.
Кірістірілген жарқыл
Жарқылды көтеру үшін жарқыл
шығару түймешігін басыңыз.
Жарқыл шығару
түймешігі
Жарқыл режимдерінің тізімін көрсету
үшін мульти селектордың 3 (N)
түймешігін басып, содан кейін
қажетті режимді мульти селектормен
белгілеп, J түймешігін басып
таңдаңыз.
Жарқыл əр түсірілімде жанады.
Жарқылды өшіру үшін бекітілгенше
төмен қарай жайлап басыңыз.