Анықтамалық нұсқаулық
xi
Nikon өніміне зақым немесе өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтірмеу үшін
осы жабдықты пайдаланудан бұрын келесі сақтық шараларын толық оқып
шығыңыз. Осы сақтық нұсқауларын өнімді пайдаланатын барлық адам оқи
алатын жерде сақтаңыз.
Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін
салдарлар келесі таңбамен белгіленген:
❚❚ ЕСКЕРТУЛЕР
Қауіпсіздік шаралары
A
Бұл белгіше ескертулерді білдіреді. Жарақат алып қалмау үшін осы
Nikon өнімін пайдаланудан бұрын барлық ескертулерді оқыңыз.
A
Кадрға күннің түсуіне жол
бермеңіз. Артқы жағы жарық
нысандарды түсірген кезде кадрға
күнді алмаңыз. Күн кадрда немесе
оған жақын болған кезде
фотокамера ішіне күн сəулелері
фокусталса, өрт шығуы мүмкін.
A
Көріністапқыш арқылы күнге
қарамаңыз.
Көріністапқыш арқылы
күнге немесе басқа күшті жарық
көзіне қарау көру қабілетінің
біржола нашарлауына əкелуі
мүмкін.
A
Дұрыс жұмыс істемеген
жағдайда бірден өшіріп
тастаңыз.
Жабдықтың өзінен
немесе айнымалы ток адаптерінен
(бөлек сатылады) шығып жатқан
түтінді немесе ерекше иісті сезсеңіз,
күйіп қалу қаупін ескере отырып,
бірден айнымалы ток адаптерін
суырып, батареяны алып тастаңыз.
Пайдалануды жалғастыра беру
жарақатқа əкелуі мүмкін. Батареяны
алып тастағаннан кейін, жабдықты
тексерту үшін Nikon компаниясының
өкілетті қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
A
Жанғыш газ бар жерде
пайдаланбаңыз. Электронды
жабдықты жанғыш газ бар жерде
пайдаланбаңыз, себебі бұл
жарылысқа немесе өртке əкелуі
мүмкін.
A
Құрғақ күйде ұстаңыз. Суға
салмаңыз немесе судың
шашырауына жол бермеңіз немесе
дымқыл қолмен ұстамаңыз. Өнімді
құрғақ жерде сақтамаған кезде
өнімге зақым келуі, өрт немесе
электр қатеріне ұшырау қаупі
пайда болуы мүмкін жəне өнімді су
қолмен ұстаған кезде электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
A
Балалардың қолы жетпейтін
жерде ұстаңыз. Бұл сақтық
шарасын сақтамау жарақатқа
əкелуі мүмкін. Сонымен қатар,
кішкентай бөлшектердің тұншығу
қаупін төндіретінін ескеріңіз. Бала
осы жабдықтың кез келген бөлігін
жұтып қойса, дереу дəрігерге
хабарласыңыз.
A
Бөлшектемеңіз. Өнімнің ішкі
бөлшектерін ұстау жарақатқа
əкелуі мүмкін. Дұрыс істемеген
кезде өнімді білікті маман ғана
жөндеуі тиіс. Құлап қалу немесе
басқа себепке байланысты өнім
шашылып қалса, батареяны жəне/
немесе айнымалы ток адаптерін
суырыңыз, содан кейін өнімді
тексерту мақсатында Nikon
компаниясының өкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
A
Бауды сəбидің немесе баланың
мойнына аспаңыз. Камера бауын
сəбидің немесе баланың мойнына
асу қылғынуға əкелуі мүмкін.