Анықтамалық нұсқаулық
106
t
❚❚ Жарқыл режимдері
C (автоматты), q (жұмсақ), r (миниатюра əсері), s (таңдамалы
түс), 6 (айқыш үдеріс), 7 (ойыншық фотокамера əсері), t, u, v
жəне w режимдерінде келесі жарқыл режимдері қол жетімді:
• N (толықтырғыш жарқыл): жарқыл əр түсірілімде жанады.
• NY (қызыл көз əсерін азайту): портреттер үшін
пайдаланыңыз. Жарқыл əр түсірілімде жанады,
бірақ жану
алдында қызыл көз əсерін азайту үшін қызыл көз əсерін азайту
шамы жанады.
• NYp (баяу синхрондау бар қызыл көз əсерін азайту):
жоғарыда айтылған «қызыл көз əсерін азайтумен» бірдей,
бірақ түнде немесе аз жарықта артқы фонның жарығын түсіру
үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды.
Потреттерге артқы фон жарығын қосқыңыз
келген кезде
пайдаланыңыз. Тек t жəне v режимдерінде қол жетімді.
• Np (толықтырғыш жарқыл + баяу синхрондау): жоғарыда
айтылған «толықтырғыш жарқылмен» бірдей, бірақ түнде
немесе аз жарықта артқы фонның жарығын түсіру үшін
ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Нысанды
да, артқы фонды да түсіру керек кезде пайдаланыңыз. Тек t
жəне v режимдерінде қол
жетімді.
• Nr (артқы перде + баяу синхрондау): жоғарыда айтылған
«артқы пердемен синхрондаумен» бірдей, бірақ түнде немесе
аз жарықта артқы фонның жарығын түсіру үшін ысырма
жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Нысанды да, артқы
фонды да түсіру керек кезде пайдаланыңыз. Тек t жəне v
режимдерінде қол жетімді.
• Nq (артқы пердемен синхрондау): жарқыл тура
ысырма
жабылардың алдында жанып, төменде оң жақта
көрсетілгендей қозғалатын жарық көздерінің артында жарық
ағынын жасайды. Тек u жəне w режимдерінде қол жетімді.
Алдыңғы пердемен синхрондау Артқы пердемен синхрондау