Анықтамалық нұсқаулық
108
t
A Кірістірілген жарқылды пайдалану
Егер жарқыл жылдам тізбекте бірнеше рет жанса, жарқылды қорғау
үшін жарқыл мен ысырма уақытша ажыратылуы мүмкін. Қысқа
кідірістен кейін суретке түсіруді жалғастыруға болады.
Фотокамераға жақын нысандар жоғары ISO сезімталдықтарында
жарқылмен түсірілген фотосуреттердегі жарық көзінде артық ұсталуы
мүмкін.
Виньеттеуді болдырмау үшін бленданы алып, кем дегенде 0,6 м
ауқымда суретке түсіріңіз. Кей
объективтер виньеттеуді үлкенірек
қашықтықта пайда болдыруы немесе қызыл көз əсерін азайту
параметріне кедергі келтіріп, қызыл көз əсерін азайту шамына бөгет
жасауы мүмкін. Мына суреттерде кірістірілген жарқыл пайдаланылған
кезде объектив түсіретін көлеңкелер нəтижесіндегі виньеттеу əсері
көрсетілген.
Көлеңке Көлеңке
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Жарқылды басқару туралы ақпаратты 187-беттен немесе жарқыл
деңгейін реттеу туралы ақпаратты 188-беттен қараңыз.
A Апертура, сезімталдық жəне жарқыл ауқымы
Жарқыл ауқымы сезімталдық мəніне (ISO тең) жəне апертураға қарай
əр түрлі болады.