Анықтамалық нұсқаулық

111
t
❚❚ Сейілген жарық
Жарқылдың жарығын төбеден немесе қабырғадан «сейілтіп»
(шағылыстырып), жарқыл жарығын шашыратып, көлеңкелерді
жұмсартуға жəне шаштың, терінің, киімнің жəне артқы фондағы
нысандардың жалтырауын азайтуға болады.
90° жоғары қарай бұрылған
жарқыл басы (жарықты сейілту)
Тік алға қарай бағытталған
жарқыл (қалыпты жарық)
A Сейілген жарық
Мүмкін болса, жарқыл жарығын шағылыстырғыш ақ немесе аққа жақын
беттен сейілтіңіз; басқа беттерден шағылысқан жарық фотосуреттегі
түстерді өзгертуі мүмкін. Егер маңайда қолайлы бет табылмаса, оның
орнына ақ қағаз парағын (A4 немесе letter өлшемді) пайдалануға
болады, бірақ фотокамера дисплейінде нəтижелерді тексеріңіз.
A Бағыттағыш жарық
Қосымша SB-N5 жарқыл бөлігі ең жақсы сəтті
түсіру жəне Motion Snapshot режимдерінде
нысандарды жарықтандыру үшін жанатын
бағыттағыш жарықты ұсынады (0 76, 87).
Қосылған таңдау, Smart Photo Selector жəне
Motion Snapshot режимдерінде буферлеу
кезінде бағыттағыш жарық шамамен 5 секунд
бойы жанып, фотокамерадан шамамен 1 м
қашықтықтағы нысандарды
жарықтандырады. Баяу көріністе ысырманы
босату түймешігі жартылай басылғаннан
кейін фотокамераны фокустағаннан бастап
бағыттағыш жарық шамамен
1,3 секунд бойы
жанады. Суретке түсіру алдында бағыттағыш
жарықтың күй индикаторы жанып тұрғанына
көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, индикатор
буферлеу кезінде жанады.
Бағыттағыш жарық
күйінің индикаторы