Анықтамалық нұсқаулық
112
t
A Қосымша жарқыл бөліктері
Егжей-тегжейлі нұсқауларды жарқыл бөлігімен бірге қамтамасыз
етілген нұсқаулықта табуға болады. Кейбір фотокамера
параметрлерінде қосымша жарқыл бөліктері жанбауы мүмкін екенін
ескеріңіз.
A Жарқыл/бағыттағыш жарық күйінің индикаторлары
Құрылғының артындағы жарқыл күйінің немесе бағыттағыш жарық
күйінің индикаторы жыпылықтаса, SB-N5 пайдаланушыларына
төмендегі кестені қарап шығу ұсынылады. SB-N7 пайдаланушылары
жарқыл бөлігімен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықты қарай алады.
Дисплей Сипаттамасы
Жарқыл күйінің
индикаторы фотосурет
түсірілгеннен кейін
шамамен 3 секунд бойы
жыпылықтайды.
Нысан жарық көзінде кем ұсталған болуы
мүмкін. Нысанға дейінгі қашықтықты
азайтудан немесе ISO сезімталдықты
көтеруден кейін əрекетті қайталаңыз
(0 201).
Жарқыл немесе
бағыттағыш жарық күйінің
индикаторы секунд сайын
бір рет жыпылықтайды.
Өнім жылдам тізбекпен бірнеше рет
жанды жəне қызып кетуді болдырмау
үшін
уақытша өшті. Өнімді өшіріңіз жəне
салқындауын күтіңіз.
Жарқыл жəне бағыттағыш
жарық күй индикаторлары
2 секунд сайын бір рет
жыпылықтайды.
Деректерді көшіру қатесі орын алды.
Жарқыл бөлігі дұрыс бекітілгенін
тексеріңіз.
Жарқыл күйінің
индикаторы секунд сайын
8 рет жыпылықтайды.
Ішкі тізбекте қате орын алды.
Фотокамераны өшіріңіз, жарқыл бөлігін
алыңыз, сөйтіп фотокамера мен жарқыл
бөлігін кеңес алу үшін Nikon
компаниясының өкілетті қызмет көрсету
орталығына апарыңыз.