Анықтамалық нұсқаулық

113
t
GP-N100 GPS құрылғыларын (бөлек сатылады) суреттер
түсірілгенде ағымдағы орын туралы ақпаратты жазу үшін
пайдалануға болады. Бұл ақпаратты компьютерде ViewNX 2
(жинақта бар) немесе Capture NX 2 (бөлек сатылады; 0 223)
бағдарламасын пайдаланып көруге болады. ViewNX 2
бағдарламасын ViewNX 2 ықшам дискісінен орнатуға болады.
GP-N100 құрылғысын бекіту
GP-N100 фотокамераның бірнеше керек-жараққа арналған
портына бекітіледі. GP-N100 бекітулі кезде кірістірілген
жарқылды пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
1 Бірнеше керек-жараққа арналған порт қақпағын
алыңыз.
2 GP-N100 құрылғысын бекітіңіз.
GP-N100 GPS құрылғысы
Қақпақты оң жақта көрсетілгендей
алыңыз. Қақпақты қауіпсіз орынға
қойыңыз жəне порт
пайдаланылмаған кезде жабыңыз.
Фотокамераны өшіріңіз жəне
GP-N100 құрылғысымен бірге
қамтамасыз етілген нұсқаулықта
сипатталғандай GP-N100
құрылғысын бірнеше керек-жараққа
арналған портқа бекітіңіз.