Анықтамалық нұсқаулық
115
t
A Қосылым күйі
Қосылым күйін фотокамера дисплейіндегі жерсерік сигналының
индикаторы (0 5) жəне GP-N100 құрылғысындағы жарық диоды
көрсетеді:
Жерсерік
сигналының
индикаторы
Жарық
диоды
Сипаттамасы
(
Жыпылық-
тайды
(қызыл)
GPS құрылғысы сигналды іздеуде. GPS
құрылғысы сигналды іздеп жатқанда
түсірілген суреттер орын деректерін
қамтымайды.
$
Жыпылық-
тайды
(жасыл)
Құрылғы үш жерсеріктен сигналдарды
қабылдауда. Фотосуреттермен бірге орын
деректері жазылады.
#
Қосулы
(жасыл)
Құрылғы төрт немесе одан көп жерсеріктен
сигналдарды қабылдауда.
Фотосуреттермен бірге дəлірек орын
деректері жазылады.
Орын деректері GP-N100 кемінде
үш жерсеріктен сигналдарды
қабылдап жатса ғана жазылады. Егер екі секундтан көбірек ешбір
сигнал қабылданбаса, жерсерік сигналының индикаторы фотокамера
дисплейінен өшеді жəне ешбір орын деректері жазылмайды.
A Assisted GPS
Жинақтағы USB кабельді пайдаланып компьютерге қосылған болса,
GP-N100 құрылғысы Nikon серверлері қамтамасыз ететін ресурстарды
пайдаланып орын деректерін алу үшін қажет уақытты азайта алады
(орын деректерін бұл ресурстарсыз да алуға болады, бірақ қажет уақыт
артуы мүмкін). Бұл желі қамтамасыз еткен файлда сақталған қосымша
ақпаратты пайдаланып орынды анықтау əдісі «Assisted GPS» (A-GPS
немесе aGPS) ретінде белгілі. Nikon серверлеріне қосылу
жəне Assisted
GPS файлдарын қабылдау үшін GP-N100 құрылғысы төмендегі веб-
сайттан жүктеуге болатын GP-N100 Utility бағдарламалық
жасақтамасын пайдаланады:
http://nikonimglib.com/gpn100u/
GP-N100 Utility бағдарламалық жасақтамасын пайдалану туралы
ақпаратты жоғарыдағы веб-сайттан немесе онлайн анықтамадан
қараңыз. Серверлер қамтамасыз еткен Assisted GPS файлы екі апта
бойы жарамды, бұл уақыттан кейін оны глобалдық орынды анықтауға
көмектесу үшін пайдалануға болмайды. GP-N100 жаңартып тұру үшін
GP-N100 Utility бағдарламалық жасақтамасын
жүйелі түрде
пайдаланып тұрыңыз.