Анықтамалық нұсқаулық

xii
A
Əуе компаниялары мен аурухана
қызметкерлерінің нұсқауларын
орындаңыз. Бұл фотокамера
медициналық жабдыққа немесе ұшақ
навигациясына кедергі тудыратын
радиожиіліктерді таратады. Ұшаққа
отыру алдында сымсыз желі
мүмкіндігін ажыратыңыз, əрі ұшу жəне
қону алдында фотокамераны өшіріңіз.
Медициналық орталықтарда
қызметкерлердің сымсыз
құрылғыларды пайдалануға қатысты
берген нұсқауларын орындаңыз.
A
Құрылғылар қосылған немесе
пайдаланылған кезде
фотокамераны, батареяны
немесе зарядтау құрылғысын ұзақ
уақыт бойы ұстамаңыз. Құрылғы
бөліктері ысып кетеді. Құрылғыны
ұзақ уақыт бойы тікелей теріге тигізу
нəтижесінде төмен қызулы күйіктер
пайда болуы мүмкін.
A
Өнімді жоғары температура əсер
ететін, мысалы, жабық тұрған
көліктің іші тəрізді немесе күннің
сəулесі тура түсетін жерлерге
қоймаңыз. Осы сақтық шарасы
орыдалмаса, өнімге зақым келуі
немесе өрт шығуы мүмкін.
A
Жарқылды көлік жүргізушісіне
бағыттамаңыз. Бұл сақтық
шарасын орындамау келеңсіз
жағдайларға əкелуі мүмкін.
A
Жарқылды пайдаланған кезде сақ
болыңыз.
Камера жарқылын теріге немесе
өзге нысандарға жақын ұстап
пайдалану күйіктерге əкелуі мүмкін.
Жарқылды нысанның көзіне жақын
жерде пайдалану көру қабілетінің
уақытша нашарлауына əкелуі
мүмкін. Жарқылды нысанға бір
метрден жақын жерде тұрып
пайдалануға бомайды. Жас
балаларды суретке түсірген кезде
ерекше абай болу керек.
A
Сұйық кристалды ұстамаңыз.
Дисплей сынып қалса, сынған
əйнектен жарақат алмау жəне
дисплейдегі сұйық кристалдың теріге
тимеуі немесе көз бен ауызға кірмеуі
үшін сақ болу қажет.
A
Объектив немесе фотокамера
орнатылып тұрғанда штативті
алып жүрмеңіз. Өзіңіз шалынып
құлап немесе басқаларды соғып кетіп,
жарақат алатын жағдай туындайды.
A
Батареяларды пайдаланған кезде
тиісті сақтық шараларын
сақтаңыз.
Дұрыс пайдаланылмаса, батареялар
ағуы немесе жарылуы мүмкін. Осы
өнім үшін пайдалану мақсатында
батареяларды пайдаланған кезде
мына сақтық шараларын орындаңыз:
Осы жабдықта пайдалану үшін
құпталған батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
Батареяны қысқа тұйықтап немесе
бөлшектеп алмаңыз.
Батареяны ауыстырмас бұрын
өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер айнымалы ток адаптерін
пайдалансаңыз, оның
суырылғанына көз жеткізіңіз.
Батареяны төңкеріп немесе кері
бағытта салуға əрекеттенбеңіз.
Батареяны отқа немесе шамадан
тыс ыстыққа салмаңыз.
Суға салмаңыз немесе судың
шашырауына жол бермеңіз.
Батареяны тасымалдаған кезде
түйіспе тұс қақпағын орнына
салыңыз. Батареяны алқа немесе
шаш түйрегіштер сияқты металдан
жасалған заттармен бірге
тасымалдамаңыз немесе
сақтамаңыз.
Толық разрядталған кезде
батареялар ағып кетуі мүмкін.
Өнімге зақым келтірмеу үшін заряды
таусылған кезде батареяны алып
тастауды ұмытпаңыз.