Анықтамалық нұсқаулық

118
t
D Ең жақсы сəтті түсіру/Motion Snapshot
Нұқып суретке түсіру параметрлері ең жақсы сəтті түсіру немесе Motion
Snapshot режимдерінде қол жетімді емес.
D Нұқып суретке түсіру параметрлерін пайдаланып суреттерді
түсіру
Тым қатты нұқымаңыз. Ысырманы босатқан кезде фотокамера
қозғалып, фотосуреттер бұлдырауы мүмкін.
Нұқып суретке түсіру параметрлері белсенді екенін көрсететін 3
белгішесі көрсетілсе де, ысырманы босату түймешігін фокустау жəне
суреттерді түсіру үшін пайдалануға болады. Үздіксіз суретке түсіру
режимінде (0 92) жəне бейнефильмді жазу кезінде фотосуреттерді
түсіру үшін
ысырманы босату түймешігін пайдаланыңыз. Үздіксіз
суретке түсіру режимінде нұқып суретке түсіру параметрлерін тек
суреттерді бір бірден түсіру үшін пайдалануға болады жəне оларды
бейнефильмді жазу кезінде фотосуреттерді түсіру үшін пайдалану
мүмкін емес. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде (0 94)
мониторды нұқу фокусты құлыптайды жəне таймерді іске қосады;
фотосурет он немесе екі секундтан кейін
түсіріледі.