Анықтамалық нұсқаулық

119
T
T
Wi-Fi
Фотокамера Wi-Fi сымсыз желілері арқылы Nikon
компаниясының арнайы Wireless Mobile Utility қолданбасы
орнатылған смарт құрылғыға қосыла алады. Смарт құрылғыны
қашықтан фотокамераны басқару жəне суреттерді түсіру үшін
пайдалануға болады немесе суреттерді фотокамерадан смарт
құрылғыға жүктеуге жəне интернеттегі басқа адамдармен
бөлісуге болады. Сондай-ақ, суреттерді фотокамерадан смарт
құрылғыға кері жүктеуге болады (0 125).
Wi-Fi сіз үшін не істей алады
Суреттерді жүктеу Суреттерді бөлісу
Қашықтан басқару пульті
A Wireless Mobile Utility қолданбасын орнату
1 Қолданбаны табыңыз.
Смарт құрылғыда Google Play қызметіне, App Store сайтына немесе
басқа қолданбалар дүкеніне қосылып, «Wireless Mobile Utility»
қолданбасын іздеңіз. Қосымша ақпаратты смарт құрылғымен бірге
қамтамасыз етілген нұсқаулардан қараңыз.
2 Қолданбаны орнатыңыз.
Қолданбаның сипаттамасын оқып, қолданбаны орнатыңыз.
Wireless Mobile Utility қолданбасының PDF пішіміндегі нұсқаулығы
келесі URL мекенжайларында жүктеу үшін қол жетімді:
•Android: http://nikonimglib.com/ManDL/WMAU/
•iOS: http://nikonimglib.com/ManDL/WMAU-ios/