Анықтамалық нұсқаулық
124
T
5 Wireless Mobile Utility бағдарламасын іске қосыңыз.
Смарт құрылғыда Wireless Mobile Utility бағдарламасын іске
қосыңыз. Негізгі тілқатысу терезесі көрсетіледі.
❚❚ Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Əдепкі желілік параметрлерді қалпына
келтіру үшін Wi-Fi connection type (Wi-Fi
қосылымының түрі) > Reset Wi-Fi
settings (Wi-Fi параметрлерін қалпына
келтіру) тармағын белгілеп, 2
түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу
терезесі көрсетіледі; əдепкі желілік
параметрлерді қалпына келтіру үшін Yes (Иə) жауабын
белгілеп, J түймешігін
басыңыз.
D Wi-Fi
Wi-Fi функциясын пайдаланбай тұрып xix–xx беттеріндегі ескертулерді
оқып шығыңыз; қосылып тұрғанда қуаттың үзілуін болдырмау үшін
сонымен бірге фотокамераның батареясын зарядтау керек. Wi-Fi
функциясын пайдалану тыйым салынған жағдайларда пайдаланбаңыз.
USB немесе HDMI кабелі қосулы кезде фотокамераның Wi-Fi
функциясын пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
A Wi-Fi қосылымдарын аяқтау
Смарт құрылғы бес минут ішінде қосылымды бастамаса, Wi-Fi
автоматты түрде аяқталады. Wi-Fi функциясын автоматты түрде аяқтау
үшін G түймешігін басып Wi-Fi күту режимінен немесе қосылым
дисплейінен шығыңыз.
D Электрондық көріністапқыштар
Wi-Fi пайдаланылып жатқанда қосымша электрондық көріністапқыштар
(0 34) өшеді. Wi-Fi қосылымы аяқталғанда көз сенсоры автоматты
түрде қосылады.