Анықтамалық нұсқаулық

xiii
Батарея қолданылмаған кезде,
түйіспе тұс қақпағын салып, салқын
əрі құрғақ жерде сақтаңыз.
Пайдаланғаннан кейін немесе өнім
батарея қуатында ұзақ уақыт бойы
пайдаланылған кезде батарея
бірден ысып кетуі мүмкін. Батареяны
алмас бұрын фотокамераны өшіріп,
батареяның салқындауын күтіңіз.
Батареяда түсінің немесе пішінінің
өзгеруі сияқты өзгерістерді
байқасаңыз, пайдалануды
доғарыңыз.
A
Зарядтау құрылғысын
пайдаланған кезде тиісті сақтық
шараларын орындаңыз:
Құрғақ күйде ұстаңыз. Осы сақтық
шарасы орындалмаса, өрт немесе
электр қатерінің əсерінен жарақат
қаупі пайда болуы немесе өнім
жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Зарядтау құрылғысының
түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау
зарядтау құрылғысының шамадан
тыс ысуына жəне зақымдануына
əкелуі мүмкін.
Ашаның металл бөліктеріндегі
немесе маңайындағы шаңды құрғақ
шүберекпен тазалау қажет.
Пайдалана беру өртке əкелуі мүмкін.
Нажағай ойнаған кезде зарядтау
құрылғысының жанында тұрмаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау
электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.
Ашаны немесе зарядтау
құрылғысын су қолмен ұстамаңыз.
Осы сақтық шарасы орындалмаса,
өрт немесе электр қатерінің əсерінен
жарақат қаупі пайда болуы немесе
өнім жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Бір кернеуден екінші кернеуге
түрлендіруге арналған сапарда
қолданылатын ток түрлендіргіштерін
немесе адаптерлерін немесе
тұрақты токтан айнымалы токқа
ауыстыратын инверторларды
пайдаланбаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау өнімнің
зақымдалуына, шамадан тыс
ысуына немесе өртенуіне əкелуі
мүмкін.
A
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз:
Кабельдерді кіріс жəне шығыс
ұяшықтарына жалғаған кезде, өнімнің
талаптарымен қарама-қайшылықтың
болмауы үшін Nikon тарапынан
берілген немесе сатылған
кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
A
Ықшам дисктер: дыбыстық ықшам
дискке арналған жабдықта
бағдарлама немесе нұсқаулықтар
жазылған ықшам дисктер
ойнатылмауы тиіс. Дыбыстық ықшам
диск ойнатқышында ықшам дисктерді
ойнату есту қабілетінің жойылуына
немесе жабдықтың зақымдалуына
əкелуі мүмкін.