Анықтамалық нұсқаулық
132
I
A Гистограммалар (0 130)
Фотокамера гистограммалары тек нұсқаулық ретінде берілген жəне
кескіндерді өңдеу бағдарламаларында көрсетілгендерден өзгеше
болуы мүмкін. Гистограмма үлгілері төменде көрсетілген:
• Жарықтық кескінде
бірқалыпты өзгерсе, реңк
үлестірімі салыстырмалы түрде
бірқалыпты болады.
• Кескін күңгірт болса, реңк
үлестірімі солға жылжытылады.
• Кескін ашық болса, реңк
үлестірімі оңға жылжытылады.
Экспозиция түзетілімі көтерілген кезде реңк
үлестірімін оңға, ал
түсірілген кезде солға жылжытады. Гистограммалар айналадағы қатты
жарық монитор дисплейін көруді қиындатқан кезде жалпы экспозиция
туралы жалпы мағлұмат бере алады.