Анықтамалық нұсқаулық

136
I
Суреттерді жад картасынан төменде сипатталғандай өшіруге
болады. Өшірілгеннен кейін суреттерді қалпына келтіру
мүмкін емес екенін ескеріңіз; дегенмен, қорғалған кескіндер
өшірілмейді.
Ағымдағы суретті өшіру
Қарау мəзірі
Бірнеше кескінді өшіру үшін G түймешігін басып, қарау
мəзіріндегі Delete (Өшіру) пəрменін таңдап, төмендегі
параметрлердің бірін таңдаңыз. Растау тілқатысу терезесі
көрсетілдеі; кескіндерді өшіру үшін Yes (Иə) түймешігін басыңыз
(көп кескін таңдалғанда біраз уақыт қажет болуы мүмкін екенін
ескеріңіз).
Суреттерді өшіру
Қазіргі уақытта толық өлшемде қарау
режимінде көрсетілген немесе сурет
нобайлары тізімінде таңдалған суретті
өшіру үшін O түймешігін басыңыз. Растау
тілқатысу терезесі көрсетіледі; суретті
өшіру жəне қарауға оралу үшін O
түймешігін қайтадан басыңыз немесе
суретті өшірместен шығу үшін K
түймешігін басыңыз.
O түймешігі
Delete selected
images (Таңдалған
кескіндерді өшіру)
Кескіндерді белгілеңіз жəне таңдау немесе
таңдауын алып тастау үшін 1 немесе 3
түймешігін басыңыз (0 158). Таңдау аяқталған
кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Select images by
date (Кескіндерді
күні бойынша
таңдау)
Күндерді белгілеңіз жəне таңдау немесе таңдауын
алып тастау үшін 2 түймешігін басыңыз.
Белгіленген күнде түсірілген суреттерді көру үшін
басты басқару дискін оңға қарай бұраңыз; күндер
тізіміне оралу үшін дискіні солға қарай бұраңыз.
Белгіленген күндерде түсірілген барлық
суреттерді өшіру үшін J түймешігін басыңыз.
Delete all images
(Барлық
кескіндерді өшіру)
Жад картасындағы барлық суреттерді өшіріңіз.