Анықтамалық нұсқаулық

150
Q
Таңдалған JPEG кескіндерін фотокамераға тікелей жалғанған
PictBridge принтерінде басып шығаруға болады.
Принтерді жалғау
Фотокамераны жинақтағы USB кабель арқылы жалғаңыз.
1 Фотокамераны өшіріңіз.
2 USB кабельді жалғаңыз.
Принтерді қосып, USB кабельді жалғаңыз. Күшті
пайдаланбаңыз немесе жалғағыштарды бұрышпен кіргізуге
тырыспаңыз.
3 Фотокамераны қосыңыз.
Мониторда қарсы алу экраны, содан кейін PictBridge қарау
дисплейі көрсетіледі. Суреттерді бір-бірден басып шығару
үшін 151-бетке өтіңіз. Бірнеше таңдалған суретті немесе
барлық суреттерді басып шығару үшін 153-бетке өтіңіз.
Фотосуреттерді басып шығару
D Басып шығару үшін фотосуреттерді таңдау
Бейнефильмдерді жəне NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді (0 171)
басып шығару үшін таңдау мүмкін емес. Motion Snapshot лездік
суреттері таңдалса, тек фотосуреттер басып шығарылады;
бейнефильм бөлігі басып шығарылмайды. Smart Photo Selector арқылы
түсірілген фотосуреттер таңдалса, тек ең жақсы сурет басып
шығарылады.
D Панорамалар
Кейбір принтерлер панорамаларды басып шығара алмайды, ал кейбір
параметрлерде басқалары толық панорамаларды басып шығара
алмайды. Мəлімет алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз немесе
өндірушіге хабарласыңыз.