Анықтамалық нұсқаулық

xvi
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан
көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі заң тарапынан
қудалануы мүмкін екенін ескеріңіз.
Заң бойынша көшіруге немесе
көбейтуге тыйым салынған
нəрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның
өзінде қағаз ақшаның, тиындардың,
құнды қағаздардың, үкіметтік құнды
қағаздардың немесе
жергілікті
үкіметтің құнды қағаздарының
көшірмесін немесе көбейтілген
нұсқаларын жасамаңыз.
Шет елдің айналымында жүрген
қағаз ақшаны, тиындарды немесе
құнды қағаздарды көшіруге немесе
көбейтуге тыйым салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты
алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған
пошта маркаларын немесе ашық
хаттарды көшіруге немесе көбейтуге
тыйым салынады.
Үкімет шығарған маркаларды жəне
заңда қарастырылған
куəландырылған
құжаттарды
көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
Кейбір көшірмелер жəне
көбейтілген нұсқаларға қатысты
сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік мақсатта
қажетті көшірмелердің шектеулі саны
қажет болған кезден басқа
жағдайларда, үкімет жеке компаниялар
тарапынан шығарылған құнды
қағаздардың (акциялар, банкноталар,
чектер, сыйлық сертификаттар жəне
т.б.), жол жүру билеттерінің немесе
купондық билеттердің көшірмелеріне
немесе көбейтілген нұсқаларына
қатысты сақ болу керектігі туралы
ескертулерді таратты. Бұған қоса,
үкімет тарапынан шығарылған
паспорттардың
, мемлекеттік органдар
жəне жеке топтар шығарған
лицензиялардың, жеке бас
куəліктерінің жəне рұқсатнамалар мен
тамақ купондары сияқты билеттердің
көшірмелерін немесе көбейтілген
нұсқаларын жасамаңыз.
Авторлық құқыққа қатысты
ескертулерді ескеріңіз
Кітаптар, əуен, картиналар, ағаштағы
оюлар, баспалар, карталар, сызбалар,
бейнефильмдер жəне фотосуреттер
сияқты авторлық құқығы сақталған
шығармашылық жұмыс нəтижелерін
көшіру немесе көбейту ұлттық жəне
халықаралық авторлық құқық
заңдарымен басқарылады. Бұл өнімді
заңсыз көшірмелерді жасау немесе
авторлық құқық заңдарын бұзу
мақсатында пайдаланбаңыз.
AVC Patent Portfolio лицензиясы
Бұл өнім AVC patent portfolio лицензиясы аясында (i) бейне файлды AVC
стандартына сай («AVC бейне») кодтау жəне/немесе (ii) жеке жəне
коммерциялық емес əрекетпен айналысқан тұтынушы тарапынан кодталған
жəне/немесе AVC бейне файлын ұсыну лицензиясына ие бейне файл
провайдерінен алынған AVC бейне файлын декодтау үшін тұтынушының жеке
жəне коммерциялық емес мақсатта қолдануына арналған. Бұл лицензия басқа
бір мақсатта қолдану
үшін берілмейді жəне ондай қолданыс мүмкіндігін
қарастырмайды. Қосымша мəліметті MPEG LA, L.L.C. компаниясынан алуға
болады. Келесі сайтты қараңыз http://www.mpegla.com