Анықтамалық нұсқаулық
xvii
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Кескіндерді өшіру, я болмаса жад карталарын немесе басқа деректерді сақтау
құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толығымен өшірмейтінін
ескеріңіз. Кейде өшірілген файлдарды сатылатын бағдарламалық жасақтаманы
пайдаланып лақтырылған сақтау құрылғыларынан қалпына келтіруге болады,
бұл жеке кескін деректерін зиян келтіру үшін пайдалануға əкелуі мүмкін. Мұндай
деректердің құпиялығын қамтамасыз ету пайдаланушының жауапкершілігінде.
Деректерді сақтау құрылғысын лақтыру немесе басқа тұлғаның иелігіне беру
алдында сатылатын жою бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып бүкіл
деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін оны жеке
ақпаратты қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспанның суреттерімен)
толығымен толтырыңыз. Баптау мəзірінде Wi-Fi > Wi-Fi connection type (Wi-Fi
қосылымының түрі) > Reset Wi-Fi settings (Wi-Fi параметрлерін қалпына
келтіру) тармағын таңдау арқылы Wi-Fi параметрлерінің əдепкі мəндерін
қалпына
келтіруге болады (0 124). Деректерді сақтау құрылғыларын
физикалық түрде жою кезінде жарақат алып қалмау үшін сақ болу керек.
Температураға қатысты ескертулер
Фотокамера қолданыс кезінде ұстағанда ыстық болуы мүмкін; бұл қалыпты
жағдай жəне ақаулықты білдірмейді. Қоршаған орта температурасы жоғары
кезде, ұзақ уақыт бойы үздіксіз пайдаланылса немесе қатарынан бірнеше
фотосурет жылдам ретпен түсірілсе, температураға
қатысты ескерту шығуы
мүмкін, одан кейін ішкі схемаларына тиюі мүмкін зиянды азайту үшін
фотокамера автоматты түрде өшеді. Қайта пайдаланудан бұрын
фотокамераның салқындауын күтіңіз.
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана қолданыңыз
Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі
электрондық тізбекті қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана
пайдалану үшін Nikon тарапынан сертификатталған Nikon сауда
белгісі бар
электрондық керек-жарақтар (зарядтау құрылғыларын, батареяларды,
айнымалы ток адаптерлерін жəне объектив керек-жарақтарын қосқанда) ғана
осы электрондық тізбектің пайдалану жəне қауіпсіздік талаптары шеңберінде
жұмыс істейтіндігі расталған жəне сол үшін жасалған.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-
жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon
кепілдігін жоюы мүмкін. Оң жақта көрсетілген Nikon
компаниясының голографиялық
жапсырмасы жоқ үшінші
тараптың қайта зарядталмалы литий-ионды батареяларын
пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі жəне
батареяның шамадан тыс қызуына, тұтануына, жарылуына немесе ағуына
əкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мəлімет алу үшін
Nikon компаниясының жергілікті өкілетті сатушысына хабарласыңыз.