Анықтамалық нұсқаулық

173
i
A NEF (RAW)/NEF (RAW) + JPEG
Кескін өлшемі үшін таңдалған параметр NEF (RAW) пішіміндегі
кескіндер өлшеміне əсер етпейді. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді
фотокамерада немесе Capture NX 2 (бөлек сатылады; 0 223) немесе
ViewNX 2 (бірге жеткізіледі) сияқты бағдарламалық жасақтаманы
пайдаланып қарауға болады.
NEF (RAW) + JPEG пішімінде түсірілген фотосуреттерді фотокамерада
көргенде тек JPEG пішіміндегі кескін көрсетіледі. Осы параметрлерде
түсірілген фотосуреттер жойылғанда NEF жəне JPEG пішіміндегі
кескіндер жойылады.
A Файл атаулары
Фотосуреттер мен бейнефильмдер «xxx_nnnn.yyy» пішіміндегі
атаулары бар кескін файлдары ретінде сақталады, мұндағы:
xxx — NMS (File format (Файл пішімі) ретінде NMS files (NMS
файлдары) таңдалып жазылған Motion Snapshot лездік суреттері;
0 176) немесе DSC (фотосуреттер, MOV пішіміндегі Motion Snapshot
лездік суреттері жəне бейнефильмдер),
nnnn арту ретімен фотокамера автоматты түрде тағайындайтын 0001
мен 9999 аралығындағы төрт цифрлы сан жəне
yyy келесі үш
əріптік кеңейтімдердің біреуі: «NEF» NEF (RAW)
пішіміндегі кескіндер үшін, «JPG» JPEG пішіміндегі кескіндер үшін
немесе «MOV» бейнефильмдер үшін.
NEF (RAW)+JPEG параметрлерімен жазылған NEF жəне JPEG
пішіміндегі файлдарда файл атаулары бірдей, бірақ кеңейтімдері əр
түрлі болады. Ойнату мəзірінде өңдеу параметрлерімен жасалған
көшірмелердің файл атаулары «CSC» деп басталады (мысалы,
«CSC_0001.JPG»). Color space (Түс кеңістігі) (0 178) ретінде Adobe
RGB таңдалып түсірілген кескіндердің атаулары астын сызумен
басталады (
мысалы, «_DSC0001.JPG»).
A Кескін сапасы мен өлшемі
Сонымен қатар, кескін сапасы мен өлшемі əр фотосуреттің жад
картасында қанша орын алатындығын анықтайды. Үлкендеу, сапасы
жоғарылау кескіндерді үлкен өлшемдерде басып шығаруға болады,
бірақ олар қосымша жадты қажет етеді, бұл жад картасында осындай
кескіндердің азғантайы сақталатынын білдіреді (0 236).