Анықтамалық нұсқаулық
Фотокамераның мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін барлық
нұсқауларды мұқият оқуды ұмытпаңыз жəне оларды өнімді
пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз.
Фотокамера баптаулары
Осы нұсқаулықтағы түсініктемелер əдепкі баптауларды ескере отырып
берілген.
Таңбалар жəне шартты белгілер
Қажетті мəліметті оңай таба алуыңыз үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілер пайдаланылады:
1, 3, 4 жəне 2 таңбалары мульти селектордағы жоғары, төмен, сол
жəне оң жақтарды білдіреді.
D
Бұл белгіше сақтыққа шақыратын мəтінді белгілейді;
фотокамераға зақым келтіріп алмау үшін пайдалану алдында оқу
қажет ақпарат.
A
Бұл белгіше ескертпелерді, яғни фотокамераны пайдаланудан
бұрын оқылуы тиіс мəліметті білдіреді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге беттеріне жасалған
сілтемелерді білдіреді.
A Қауіпсіздік шаралары
Фотокамераны ең алғаш рет пайдалану алдында «Қауіпсіздік
шаралары» тарауындағы қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқыңыз (0 xi–
xiii).