Анықтамалық нұсқаулық
xviii
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын
пайдаланыңыз
Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін
сертификатталған Nikon компаниясының зауыттық үлгіге сай керек-
жарақтары ғана оның жұмыс параметрлеріне жəне қауіпсіздік
талаптарына сай келеді. Өзге компаниялар шығарған керек-
жарақтарды пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon
кепілдігінің жарамдылығын тоқтатуы мүмкін.
D Фотокамера мен керек-жарақтарына техникалық қызмет
көрсету
Фотокамера дəлдікпен істейтін құрылғы болып табылады жəне жүйелі
техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді. Nikon компаниясы
фотокамераны ресми өкілге немесе Nikon компаниясының қызмет
көрсету өкіліне бір-екі жыл сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын
техникалық қызмет көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл
қызметтердің ақылы екенін
ескеріңіз). Əсіресе, фотокамераны кəсіби
мақсатта пайдалансаңыз, оны жиі тексертіп жəне қызмет көрсетіп
тұрған жөн. Объективтер сияқты фотокамерада жиі пайдаланылатын
керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық
қызмет көрсетуге апарғанда бірге апару қажет.
A Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе
фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын,
фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті
сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс
істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
A Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету жəне үйренуге
бағытталған «өмір бойы білім алу» ұстанымы аясында, үнемі
жаңартылып тұратын мəліметті онлайн режимде келесі сайттардан
алуға болады:
• АҚШ-тағы қолданушылар үшін.: http://www.nikonusa.com/
• Еуропа жəне Африкадағы қолданушылар үшін:
http://www.europe-nikon.com/support/
• Азия, Океания жəне Таяу Шығыстағы қолданушылар үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең
соңғы мəліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға
(ЖҚС) берілген жауаптарды жəне сандық кескіндерге жəне фотосурет
түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін осы сайттарға кіріңіз.
Қосымша ақпаратты аймақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс
мəліметін алу үшін http://imaging.nikon.com/ сайтына кіріңіз