Анықтамалық нұсқаулық

178
i
Кең бұрышты объективтермен түсірілген фотосуреттерде
бөшке іспеттес бұрмалануды азайту үшін жəне ұзын
объективтермен түсірілген фотосуреттерде жастық іспетті
бұрмалануды азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз
(фотосуреттердің жиектері кесілуі мүмкін екенін жəне сақтау
алдында кескіндерді өңдеу үшін қажет уақыт артуы мүмкін
екенін ескеріңіз). Бұл параметр тек 1 NIKKOR объективтерінде
қол жетімді, ал FT1 орнату адаптерін
пайдаланып бекітілген
басқа NIKKOR объективтерінде қол жетімді емес. Үшінші тарап
объективтерінде нəтижелерге кепілдік берілмейді.
Түс кеңістігі түс репродукциясы үшін қол жетімді түстер
гаммасын анықтайды. Жалпы мақсаттағы басып шығару жəне
көрсету үшін sRGB түс кеңістігін таңдаңыз; кеңірек түстер
гаммасы бар Adobe RGB кəсіби жариялауға жəне
коммерциялық басып шығаруға арналған түсірілімдерге көбірек
жарайды.
Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты
басқару)
Color Space (Түс кеңістігі)
A
Adobe RGB
Дəл түс репродукциясы үшін Adobe RGB кескіндері түстерді басқаруды
қолдайтын қолданбаларды, дисплейлерді жəне принтерлерді қажет
етеді.
A Түс кеңістігі
ViewNX 2 (жинақта бар) жəне Capture NX 2 (бөлек сатылады) осы
фотокамерамен жасалған фотосуреттерді ашу кезінде дұрыс түс
кеңістігін автоматты түрде таңдайды. Үшінші тарап бағдарламалық
жасақтамасында нəтижелерге кепілдік берілмейді.